AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстан мен Нидерланды арасында160 млн еуроның келісімі жасалды

10.06.2026
Санаты: Экономика
Қазақстан мен Нидерланды арасында160 млн еуроның келісімі жасалды

ADYM.KZ / ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Нидерланд Корольдігіне жұмыс сапары аясында өткен Қазақстан-Нидерланд бизнес-форумы табысты аяқталды. Шара қорытындысы бойынша жалпы сомасы 160 млн еуроны құрайтын бірлескен жобаларды іске асыру туралы маңызды келісімдерге қол қойылды.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті. Іскерлік кездесу Амстердамдағы беделді халықаралық GreenTech Amsterdam 2026 көрмесі алаңында ұйымдастырылып, екі елдің сауда-экономикалық миссиясының негізгі оқиғасына айналды.

Биылғы халықаралық көрмеге әлемнің 40-тан астам елінен 500-ден астам компания қатысып, келушілер географиясы 120 елді қамтыды. Осындай ауқымды шараның ашылу салтанатында шетелдік қонақтар арасынан тек Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің министрлері ғана құттықтау сөз сөйледі. Бұл еліміздің агротехнологиялар мен агроөнеркәсіп саласындағы халықаралық рөлі жоғары бағаланатынын көрсетеді.

«Бүгінгі уағдаластықтар екі ел бизнесінің өзара қызығушылығының жоғары деңгейін растайды. Қазақстан еуропалық нарықтарға сапалы өнім жеткізуді кеңейтуге және инвестициялық жобалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Нидерланды Қазақстанның Еуропалық Одақтағы ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Статистикалық мәліметтер бұл байланыстың серпінді дамып жатқанын дәлелдейді: Тауар айналымы 2026 жылдың қаңтар–ақпан айларының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,9 пайызға ұлғайып, 970 млн АҚШ долларына жетті. Қазақстандық экспорттаЕуропаға бағытталған отандық өнім көлемі 65 пайызға өсіп, 930,4 млн АҚШ долларын құрады.

Қазақстандық делегация сапар барысында бірқатар стратегиялық салалар бойынша келіссөздер жүргізді:

Отандық өнімдердің экспорттық рәсімдерін жеделдету үшін мемлекет пен аккредиттелген ұйымдардың бірлескен инспекциялық бақылау моделі зерделенді. Naktuinbouw ұйымымен тұқым шаруашылығы, сертификаттау және өнімнің қадағалануын қамтамасыз ететін заманауи жүйелерді енгізу мәселелері талқыланды.

Делегация Еуропадағы ең ірі теңіз хабы Роттердам портына барды. Тараптар қазақстандық өнімдерді еуропалық логистикалық тізбектерге интеграциялауды және Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) әлеуетін арттыруды пысықтады.

Әлемге әйгілі Damen Shipyards Group компаниясымен маңызды Меморандумға қол қойылды. Сәтті өткен келіссөздер нәтижесінде Маңғыстау облысында технологияларды тарту және өндірісті жергіліктендіру арқылы заманауи кеме жасау және кеме жөндеу кластері құрылатын болады.

Axia Seeds және DENSO AgriTech Solutions компанияларымен өткен кездесулерде отандық жылыжай шаруашылығы мен тұқым өндірісіне инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу мәселелері мақұлданды.

Сапар қорытындысы бойынша екі мемлекет те сауда-экономикалық қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге уағдаласты. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы, логистика, инновациялар мен стратегиялық минералдық ресурстар салалары серіктестіктің басты қозғаушы күші болмақ.

Ілмек: Бизнес-форумҚазақстанНидерланд
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Қаржы министрлігі Қытайдың капитал нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Облигациялар үш және бес жылдық екі траншпен шығарылды....

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Үкімет Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жобаның құны – 881 млрд теңге. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгіленді. Бұл...

Келесі
Enbek.kz: Мамыр айында 86 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды

Enbek.kz: Мамыр айында 86 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды

Ұсынамыз

Кибермәдениет – қауіпсіздіктің негізі: Шымкент мектептерінде түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

Кибермәдениет – қауіпсіздіктің негізі: Шымкент мектептерінде түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

17.09.2026
Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

05.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.