AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру кездесулері өтті

08.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру кездесулері өтті

ADYM.KZ / Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Кәсіби бағдар беру және еңбек нарығына бейімдеу» жобасы аясында жоғары сынып оқушыларына арналған танымдық кездесулер жалғасуда. Бастама жасөспірімдерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесіп, еңбек нарығының талаптары мен кәсіби даму мүмкіндіктері туралы түсінігін кеңейтуге бағытталған.

Кезекті ақпараттық кездесулер №43, №109, №91, №111 М.Мәметова атындағы және №35 М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларымен өтті. Іс-шара барысында мектеп түлектеріне мамандық таңдауда ескерілетін негізгі факторлар мен кәсіби мақсат қоюдың маңызы түсіндірілді.

Жиын барысында спикер қазіргі еңбек нарығындағы негізгі үрдістерге тоқталып, алдағы уақытта сұранысқа ие болуы мүмкін мамандықтар мен біліктілік түрлері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар технологиялардың дамуы, еңбек салаларындағы өзгерістер және жаңа дағдыларды меңгерудің қажеттілігі сөз болды. Оқушыларға кәсіби бағытты таңдағанда өз қызығушылығы мен қабілетін, жеке қасиеттерін және болашақтағы мүмкіндіктерін қатар ескеру ұсынылды.

Кездесу барысында мамандық таңдаудың бір реттік шешім ғана емес, адамның болашақ өміріне ықпал ететін маңызды қадам екені атап өтілді. Осыған байланысты оқушыларға өздерінің күшті тұстарын анықтау, алға нақты мақсаттар қою, білімін үнемі жетілдіру және тәжірибелік дағдыларын дамыту жөнінде кеңестер берілді. Сондай-ақ еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделу, жаңа білімді меңгеруге дайын болу және жауапкершілік таныту кәсіби дамудың маңызды шарттары ретінде түсіндірілді.

Ақпараттық сағаттар барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтарына қатысты пайдалы мәліметтер алды. Мұндай кездесулер жас түлектердің кәсіби бағдарын айқындап, оқу бағытын дұрыс таңдауына және еңбек жолына алдын ала дайындалуына мүмкіндік береді.

«Жастар ресурстық орталығы» жүзеге асырып жатқан жоба аясындағы жұмыстар жастардың кәсіби сауаттылығын арттыруға, еңбекке деген ынтасын қалыптастыруға және олардың болашаққа сенімді қадам жасауына бағытталған.

Ілмек: Жастаркәсіби бағдарШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Жастармен зорлық-зомбылықтың алдын алу және денсаулықты қорғау мәселелері талқыланды

Жастармен зорлық-зомбылықтың алдын алу және денсаулықты қорғау мәселелері талқыланды

Ұсынамыз

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сот басшыларын қабылдады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сот басшыларын қабылдады

18.06.2026
Бейжің қысқы спорт тарихында алғаш рет төрт әлем чемпионатын қатар өткізеді

Бейжің қысқы спорт тарихында алғаш рет төрт әлем чемпионатын қатар өткізеді

12.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.