АСТАНА. ADYM.KZ / Елімізде мәдениет пен өнер саласының дамуына елеулі үлес қосқан қайраткерлер мен талантты мамандарды қолдауға бағытталған дәстүрлі байқау басталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылға арналған мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындау конкурсына құжат қабылдаудың ресми түрде ашылғанын хабарлайды.«Мемлекеттік стипендия мәдениет пен өнер қайраткерлерінің шығармашылық әлеуетін қолдауға және олардың кәсіби қызметін ынталандыруға бағытталған», – деп атап өтті ведомство өкілдері.
Шығармашылық додаға мәдениет және өнер саласында аянбай еңбек етіп жүрген, отандық мәдениеттің өркендеуіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған барлық кәсіби мамандар қатысуға құқылы.
Өтінімдер мен қажетті материалдар 2026 жылғы 1 тамызға дейін қабылданады.







