AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Астана мен Алматыда аңызға айналған «Cirque du Soleil» ұжымының OVO шоуы өтеді

01.06.2026
Санаты: Мәдениет
Астана мен Алматыда аңызға айналған «Cirque du Soleil» ұжымының OVO шоуы өтеді
МӘДЕНИЕТ. ADYM.KZ / Әлемге әйгілі Cirque du Soleil ұжымы Қазақстанға табан тіреді. Халықаралық цирк труппасы Астана мен Алматы қалаларында өздерінің ең танымал әрі аңызға айналған «OVO» шоуын көрермен назарына ұсынбақ. Түрлі түсті жәндіктер әлемін сипаттайтын ерекше қойылым елімізде жалпы саны 14 рет сахналанады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ауқымды әлемдік тур аясында өтетін бұл өнер кешін 70 мыңнан астам қазақстандық тамашалайды деп күтілуде. Гастрольдік сапардың кестесі төмендегідей:
  • Астана қаласы: 4–7 маусым аралығында «Barys Arena» сахнасында;
  • Алматы қаласы: 11–14 маусым күндері «Almaty Arena» төрінде (алғаш рет).
Бұл – Cirque du Soleil ұжымының 42 жылдық тарихында Қазақстанға екінші мәрте келуі. Олар елімізде алғаш рет «EXPO-2017» халықаралық көрмесі аясында өнер көрсеткен болатын. Қойылымды ұйымдастыруға әлемнің 25 елінен жиналған 100-ден астам жоғары деңгейлі маман атсалысуда. Трупа құрамында Бразилия, Канада, Франция, Қытай, Моңғолия және Ресей елдерінің халықаралық әртістері бар.
Шоудың ауқымы мен техникалық күрделілігі соншалық, цирк ұжымы елімізге жалпы салмағы 200 тонна болатын жабдықты екі бірдей жүк ұшағымен жеткізген. Олардың ішінде алып декорациялар, дыбыс пен жарық жүйелері және жүздеген арнайы костюмдер бар.
«OVO» шоуының PR-менеджері Жани Малле елорда тұрғындарының қонақжайлылығына тәнті болғанын жасырмады:
«Қазақстанға келгенімізге өте қуаныштымыз. Ұлттық оркестрдің өнерін тамашалап, жергілікті тағамдардан, әсіресе бауырсақтан дәм таттық. Адамдар өте жылы жүзді екен. Қаланы аралап, мәдениетпен таныстық. Енді қазақстандық көрермендермен кездесуді асыға күтеміз», – деді ол.


Ілмек: Cirque du SoleilOVOАлматыАстанаҚазақстан
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстандық баяншылар «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауында топ жарды

Қазақстандық баяншылар «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауында топ жарды

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада баяншылар мен аккордеоншылардың «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауы мәресіне жетті. Әлемнің 16 елінен келген 153 өнерпаз бақ сынаған байқауда қазақстандық музыканттар жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше...

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті Қытайдағы ірі кітап көрмесінде таныстырылды

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті Қытайдағы ірі кітап көрмесінде таныстырылды

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Қытайдың Гуанчжоу қаласында 30-шы рет ұйымдастырылып отырған Оңтүстік Қытай кітап көрмесі салтанатты түрде ашылды. Қытайдағы кітап және баспа ісі саласындағы ірі мәдени алаңдардың бірі саналатын халықаралық...

АҚШ Конгресінің делегациясы Қазақстанның креативті индустриясымен танысты

АҚШ Конгресінің делегациясы Қазақстанның креативті индустриясымен танысты

Автор: adym
26.08.2026
0

АҚШ Конгресінің делегациясы Астана қаласындағы Креативті индустрияларды дамыту қорына барып, Қазақстанда осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің...

Ханчжоуда Қазақстанның көшпелілер мәдениетіне арналған көрме ашылды

Ханчжоуда Қазақстанның көшпелілер мәдениетіне арналған көрме ашылды

Автор: adym
25.07.2026
0

ADYM.KZ / Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Чжэцзян провинциялық музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» атты халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат...

Келесі
Шымкенттің алты мектебі Қазақстанның ең үздік 100 білім ордасының қатарына енді

Шымкенттің алты мектебі Қазақстанның ең үздік 100 білім ордасының қатарына енді

Ұсынамыз

Путин сыйлаған төрт жолбарыс: Қазақстанға «Дала еркесінің» оралуы нені білдіреді?

Путин сыйлаған төрт жолбарыс: Қазақстанға «Дала еркесінің» оралуы нені білдіреді?

29.05.2026
Шымкентте жастар қауіпсіздігі мен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Шымкентте жастар қауіпсіздігі мен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

27.08.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Путин сыйлаған төрт жолбарыс: Қазақстанға «Дала еркесінің» оралуы нені білдіреді?

    587 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • 2026–2027 оқу жылында оқушылар қандай жаңа курстарды оқиды?

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
  • Президент Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.