AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Техпаспорт пен кадастрлық құжаттарды алу толықтай онлайн форматқа өтеді

28.05.2026
Санаты: Технология
Техпаспорт пен кадастрлық құжаттарды алу толықтай онлайн форматқа өтеді

ADYM.KZ / 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлікке қатысты бірқатар мемлекеттік қызмет толықтай онлайн форматқа көшіріледі. Енді тұрғын үйдің техникалық паспорты мен кадастрлық паспорттың телнұсқасын алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті болмайды. Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді.

Министрлік дерегінше, eGov.kz порталындағы «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру» және «Кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру» қызметтері жаңартылған. Азаматтар енді өтінімді онлайн жолдап, мемлекеттік баж салығын бірден төлеп, дайын құжатты электронды форматта ала алады.

Бұған дейін бұл қызметтерді алу үшін тұрғындар ХҚКО-ға барып, төлем жасап, кейін дайын құжатты қайтадан сол жерден алуға мәжбүр еді. Енді барлық процесс цифрлық форматта жүзеге асады.

Дайын техникалық немесе кадастрлық құжат eGov.kz порталындағы Жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне автоматты түрде жіберіледі. Қызмет көрсету мерзімі жылжымайтын мүлік нысанының санатына байланысты анықталады.

Қызметті пайдалану үшін азаматтар eGov.kz порталына кіріп, қажетті қызмет түрін таңдап, өтінім нысанын толтырып, мүлік санатын көрсетіп, төлем жасап, сұранымды электронды цифрлық қолтаңбамен растауы тиіс.

Министрліктің мәліметінше, цифрлық қызметтерге сұраныс жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2021 жылы техникалық және кадастрлық құжаттарды онлайн рәсімдеуге 100 мың өтінім түссе, бұл барлық өтінімнің 22,8 пайызын құраған. Ал 2025 жылы онлайн өтінімдердің үлесі 41 пайызға дейін жеткен.

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, 1 маусымнан бастап аталған қызметтер бойынша ХҚКО операторлары арқылы өтінім қабылдау тоқтатылады.

Сондай-ақ техникалық паспорт алу қызметі eGov mobile қосымшасында да қолжетімді болады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік қызметтерді кезең-кезеңімен онлайн форматқа көшіру ХҚКО-ларға түсетін жүктемені азайтып, азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ал онлайн қызметті өздігінен пайдалана алмайтын азаматтар үшін ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары жұмысын жалғастырады.

Қазіргі таңда Қазақстанда ЭЦҚ рәсімдеу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, автокөлікті бастапқы тіркеу, еңбек мигранттарына рұқсат беру және жер телімдеріне құжат рәсімдеу сияқты бірқатар мемлекеттік қызметтер де онлайн форматта қолжетімді.

Ілмек: Кадастрлық құжаттарОнлайн форматТехпаспорт
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
Air Astana Астана – Шымкент бағытына жаңа рейстер ашады

Air Astana Астана – Шымкент бағытына жаңа рейстер ашады

Ұсынамыз

Қазақстандық зілтемірші Нұржан Жұмабай әлем чемпионатында рекорд орнатты

Қазақстандық зілтемірші Нұржан Жұмабай әлем чемпионатында рекорд орнатты

11.07.2026
Қ.Тоқаев: Домбыра Қазақстанның әлемге танылатын ұлттық брендіне айналуы керек

Қ.Тоқаев: Домбыра Қазақстанның әлемге танылатын ұлттық брендіне айналуы керек

01.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.