AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Газдан болатын қайғылы жағдайдың алдын алады: Шымкент жастары жаңа жоба ұсынды

31.08.2026
Санаты: Аймақ
Газдан болатын қайғылы жағдайдың алдын алады: Шымкент жастары жаңа жоба ұсынды

ADYM.KZ / Шымкенттік жас өнертапқыштар газдың тарағанын қысқа уақыт ішінде анықтап, тұрғындарға қауіп туралы ескертуге мүмкіндік беретін құрылғы жасап шығарды. Жоба газдан улану, өрт және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.  Жаңа құрылғы «Smart City Hackathon 2026» байқауында таныстырылып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Шымкенттік жастар ұсынған жоба нәтижесінде екінші орынға ие болды.

Жобаны әзірлегендердің бірі – 17 жастағы Дінмұхаммед Төребек. Жас өнертапқыштың айтуынша, құрылғыны жасауға газдың шығуы салдарынан болған қайғылы оқиғалар туралы ақпараттар түрткі болған.

«Жаңалықтардан мұндай оқиғаларды көп естідік. Көп жағдайда газдың шығуы қайғылы жағдайға әкеліп жатады. Шымкентте де газдан болған оқиғалар туралы ақпараттар болды. Тіпті таныстарымыздың арасында да осындай жағдайға тап болғандар бар. Осы оқиғаларды ести отырып, жобаны жасауға бел будық. Басты мақсатымыз – құрылғыны барынша арзан әрі халыққа қолжетімді ету», – деді Дінмұхаммед Төребек.

Өнертапқыштардың айтуынша, құрылғы газдың тарағанын анықтап, қауіп туралы дабыл береді. Жоба авторларының мәліметінше, жүйе газды тіркегеннен кейін шамамен 30 секунд ішінде ескерту жасай алады. Бұл тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қабылдап, тиісті қызметтерге хабарласуға мүмкіндік береді.

Жобаның негізгі мақсаты – газдан улану мен газдың тұтануынан болатын өрттердің алдын алу. Әсіресе жылыту маусымында тұрғын үйлердегі қауіпсіздік мәселесі өзекті бола түсетіндіктен, жас өнертапқыштар құрылғыны кеңінен қолдануға мүмкіндік жасауды көздейді.

«Бұл жобаны адамдардың оқыс оқиғалардан қайтыс болуының алдын алу үшін жасадық. Газ жанбай тұрып, оның сыртқа тарағанын ертерек анықтау маңызды. Болашақта жобаны жүзеге асырып, газдың әсерінен болатын адам өлімін нөлге дейін жеткізу – біздің негізгі мақсатымыз», – деді жоба авторы.

Жас өнертапқыштар құрылғының алғашқы нұсқасын небәрі екі күн ішінде әзірлеген. Соған қарамастан, жоба қалалық деңгейдегі «Smart City Hackathon 2026» байқауында үздік жобалардың қатарынан көрінді.

Байқау барысында жастар қаладағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған түрлі бастамаларын ұсынды. Олардың қатарында көлік инфрақұрылымы, қоғамдық қауіпсіздік, экология және коммуналдық салаға қатысты жобалар болды. Ал шымкенттік өнертапқыштар адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін газ мәселесіне назар аударды.

Жобаны жүзеге асыруға жергілікті әкімдік тарапынан да қолдау көрсетіліп отыр. Қазір құрылғының негізгі қосалқы бөлшектері Қытайдан жеткізіледі, ал құрастыру жұмыстары Қазақстанда жүргізіледі.

Алдағы уақытта жоба авторлары құрылғының техникалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, оның тиімділігі мен сенімділігін арттыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, оны тұрғындар үшін барынша қолжетімді ету көзделген.

Жас өнертапқыштардың бастамасы заманауи технологияны күнделікті өмірдегі қауіпсіздік мәселелерімен ұштастыруға бағытталған. Авторлар құрылғыны кеңінен енгізу арқылы газдан болатын төтенше жағдайлардың алдын алуға және адам өмірін қорғауға үлес қосуды мақсат етіп отыр.

Ілмек: Smart City Hackathon 2026ЖастарШымкент
SummarizeБөлісу235

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Ұсынамыз

Valmont Industries суару техникасын Қазақстанда өндіруге кіріседі

Valmont Industries суару техникасын Қазақстанда өндіруге кіріседі

19.06.2026
Сұранысқа ие мамандықтар: жастарға кәсіби бағдар берілді

Сұранысқа ие мамандықтар: жастарға кәсіби бағдар берілді

30.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.