AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Орталық Азиядағы су дағдарысын шешуде ортақ консенсус қажет

28.05.2026
Санаты: Сараптама
Орталық Азиядағы су дағдарысын шешуде ортақ консенсус қажет

ADYM.KZ / Климаттың жаһандық жылынуы және трансшекаралық өзендерді бөлісу мәселесі Орталық Азияның қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіруде.

Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, 2050 жылға қарай Орталық Азияда су ресурстарына деген сұраныс 25 пайызға артады, ал өзен суының көлемі 20-25 пайызға азаяды. Қазақстан өз суының 40 пайыздан астамын көршілес елдерден (Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей) трансшекаралық өзендер арқылы алады.

Мысалы, Балқаш көліне құятын Іле өзенінің 70 пайызы Қытай аумағынан бастау алады. Бұған қоса, БҰҰ мәліметінше, аймақтағы мұздықтар соңғы 50 жылда шамамен 20-30 пайызға кішірейген. Сырдария мен Амудария өзендерінің тартылуы Арал апатының екінші толқынына әкелуі мүмкін.

Қырғызстан мен Тәжікстанның Түркістан облысы мен Жамбыл облысына жіберетін су лимитін азайтуы жаз айларында отандық диқандарды миллиардтаған теңге шығынға батыруда. Су тапшылығы тек ауыл шаруашылығын емес, энергетика секторын да тұралатып отыр.

Сарапшылардың айтуынша Орталық Азиядағы су мәселесі  бұл экологиялық қана емес, ең алдымен ұлттық қауіпсіздік пен геосаясат мәселесі. Егер аймақ елдері трансшекаралық суларды тиімді басқару бойынша ортақ, заңды тұрғыдан міндетті консенсусқа келмесе, алдағы онжылдықта су үшін жергілікті қақтығыстардың тұтану қаупі өте жоғары.

Еліміз бұл бағытта су үнемдеуші технологияларға шұғыл көшуі тиіс.

Көршілермен келіссөз алтыннан қымбат Сыртқы тәуелділікті азайту және Пекин, Ташкент, Бішкекпен су ресурстарын реттеудегі Астананың ұстанымы өте маңызды. Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтары (Жамбыл, Түркістан, Жетісу, Алматы облыстары) трансшекаралық ағынға ең тәуелді өңірлер болып табылады.

Қытаймен Іле және Ертіс өзендерін бөлісу бойынша келіссөздер 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді, бірақ әлі күнге дейін суды нақты текше метрмен бөлетін соңғы құжатқа қол қойылған жоқ. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданында ауыл шаруашылығы мен өндірістің қарқынды дамуы Іле өзенінен су алу көлемін арттырды. Бұл Балқаш көлінің тартылып, екінші Аралға айналу қаупін туғызуда. Ал оңтүстікте Қырғызстанның Киров су қоймасынан судың тоқтатылуы Жамбыл облысындағы мыңдаған гектар пияз пен жоңышқа алқаптарының құруына әкелді.

Сарпашылардың пікірінше, Қазақстанға «су дипломатиясының» жаңа стратегиясы керек. Біз көршілерге тек өтініш айтушы тарап емес, суды өзара тиімді энергетикалық және логистикалық айырбас құралы ретінде ұсынатын прагматик болуымыз қажет. Қытаймен де, Орталық Азиялық көршілермен де цифрландырылған, ашық мониторинг жүйесін құру — уақыт талабы.

Ілмек: Орталық АзияСу дағдарысы
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстанның экологиялық дилеммасы: Ескі зауыттар мен жаңа талаптар

Қазақстанның экологиялық дилеммасы: Ескі зауыттар мен жаңа талаптар

Автор: adym
05.06.2026
0

ADYM.KZ / 5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күні. Бұл күн тек мереке емес, еліміздің экологиялық бағытын, жетістіктері мен қордаланған күрделі мәселелерін безбенге салатын маңызды...

Несие құрығындағы қоғам: Қазақстандықтар неге жаппай банкроттыққа жүгінуде?

Несие құрығындағы қоғам: Қазақстандықтар неге жаппай банкроттыққа жүгінуде?

Автор: adym
03.06.2026
0

Елімізде «Азаматтардың төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» заң күшіне енгелі бері соттан тыс банкроттық рәсіміне 416 мыңнан астам өтініш түскен. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазірдің өзінде 66...

«Темірлан» фильмі Орталық Азия киносын әлемдік деңгейге шығара алды ма?

«Темірлан» фильмі Орталық Азия киносын әлемдік деңгейге шығара алды ма?

Автор: adym
02.06.2026
0

Орталық Азия кинематографиясы жаңа белесті бағындыруда. Түсіріліміне Өзбекстан, Қазақстан және АҚШ мамандары бірлесе атсалысқан, режиссер Джейкоб Шварцтың «Темірлан» (Tamerlane: Rise of the Last Conqueror) тарихи экшн-драмасы халықаралық деңгейде...

1-маусым: Қазақстандағы балалар жағдайына демографиялық және әлеуметтік шолу

1-маусым: Қазақстандағы балалар жағдайына демографиялық және әлеуметтік шолу

Автор: adym
01.06.2026
0

Бүгін еліміздің ең басты байлығы мен жарқын болашағының кепілі болған бүлдіршіндердің мерекесі. Балалардың құқықтарын қорғау, оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, денсаулығын нығайту мемлекеттік саясаттың негізгі өзегі....

Келесі
Каспийдің тартылуы экологиялық апат пен геоэкономикалық тығырыққа тірейді

Каспийдің тартылуы экологиялық апат пен геоэкономикалық тығырыққа тірейді

Ұсынамыз

90 ел қатысатын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бейнеролигі жарық көрді

90 ел қатысатын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бейнеролигі жарық көрді

26.06.2026
Жастардың әскери тәрбиесі – ел қауіпсіздігінің маңызды негізі

Жастардың әскери тәрбиесі – ел қауіпсіздігінің маңызды негізі

13.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.