AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкенттіктер Республика күнін атап өтті

23.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкенттіктер Республика күнін атап өтті

ADYM.KZ / Республика күні қарсаңында Шымкент қаласында Қазақстанның ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кешке қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еңбек ұжымдарының мүшелері мен қала жұртшылығы қатысты.

Салтанатты жиында қала әкімі жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, ұлттық мерекенің ел тарихындағы айрықша орнына тоқталды. Сондай-ақ кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, қоғамның дамуына және еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табыстады.

Мегаполис басшысы Республика күнінің тарихи маңызына ерекше назар аударды. 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Бұл тарихи құжат елдің дербес даму бағытын айқындап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалады.

«Биыл бұл мереке Қазақстанның жаңа тарихи белесі – Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Егемендік пен елдіктің негіздерін сақтау және нығайту – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Сонымен қатар қала әкімі жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданған жаңа Конституция негізінде елімізде саяси және қоғамдық жаңару үдерістері жалғасып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Ата заң мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, әділдік қағидаттарын орнықтыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған өзгерістердің негізін қалыптастырады.

Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталған қала әкімі мегаполистің жетістіктеріне тұрғындардың қосып отырған үлесінің маңызын атап өтті. Бүгінде қалада экономикалық әлеуетті арттыру, инвестициялар тарту, инфрақұрылымды жаңғырту және халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы мүмкіндіктер де кеңейіп келеді. Бұл бастамалар қаланың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Қала басшысы елдің өркендеуі мен қоғамның әл-ауқатын арттыру жолында бірлік пен жауапкершіліктің маңызы зор екенін жеткізді. Өйткені әрбір азаматтың еңбегі, ортақ іске қосқан үлесі мен ел болашағына деген жанашырлығы мемлекеттің тұрақты дамуына ықпал етеді.

Мерекелік іс-шара «Бүгінгі Қазақстан» атты музыкалық-театрландырылған қойылыммен жалғасты. Өнерпаздар сахналық көріністер мен музыкалық нөмірлер арқылы еліміздің тарихын, ұлттық құндылықтарын және бүгінгі жетістіктерін көрермен назарына ұсынды. Салтанатты кеш мерекелік концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Ілмек: Республика күніШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Автор: adym
19.11.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Астана қаласында өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім...

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Автор: adym
19.11.2026
0

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында 2026 жылғы 28 қарашада сағат 12:00-де Арбат алаңында ұлттық мәдениет пен этносаралық достықты дәріптеуге арналған «ДОСТЫҚ» этнофестивалі...

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Автор: adym
18.11.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында Мәдениет және өнер ұлттық университеті құрылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жаңа жоғары оқу орнын ашу туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Университет...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Автор: adym
17.11.2026
0

Бүгін қаладағы Жастар Ресурстық орталығында Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жастардың басын қосқан тағылымды жиынның басты мақсаты – білім мен қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген өрендердің...

Келесі
В Шымкенте отметили День Республики

В Шымкенте отметили День Республики

Ұсынамыз

Михаил Шайдоров пен Надежда Морозоваға Олимпиада қорытындысы бойынша мемлекеттік сыйақы беріледі

Михаил Шайдоров пен Надежда Морозоваға Олимпиада қорытындысы бойынша мемлекеттік сыйақы беріледі

18.06.2026
«Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына 186 кандидаттан тұратын тізімді бекітті

«Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына 186 кандидаттан тұратын тізімді бекітті

10.07.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.