AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкенттен тағы 27 азамат әскерге аттанды

08.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкенттен тағы 27 азамат әскерге аттанды

ADYM.KZ / Шымкент қаласында мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Қаланың 27 азаматы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарына аттанды.

Салтанатты іс-шара «Абай» саябағындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш жанында ұйымдастырылды. Рәсімге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Қарулы Күштердің ардагерлері, аудан әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ әскерге аттанушылардың ата-аналары мен жақындары қатысты.

Жиында Мемлекеттік күзет қызметінің стратегиялық нысандар мен мемлекет басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлі атап өтілді. Осыған байланысты қызметке үміткерлерді іріктеу кезінде олардың дене дайындығына, тәртібіне, психологиялық тұрақтылығына және жеке қасиеттеріне жоғары талаптар қойылады.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов Отан алдындағы азаматтық борышты өтеудің маңыздылығына тоқталып, әскерге аттанушыларға ақжолтай тілегін жеткізді.

– Отанға қызмет ету – қасиетті борыш. Бүгін сіздер осы борышты өтеуге қадам басқалы тұрсыздар. Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызмет атқару – зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Сіздер әкелеріңіз бен аталарыңыздың даңқты дәстүрін абыроймен жалғастырып, мемлекетімізге сенімді тірек, өскелең ұрпаққа үлгі боласыздар деп сенеміз. Азаматтық борыштарыңызды абыроймен өтеп, аман-есен елге оралыңыздар, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Өз кезегінде Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаевтың айтуынша, Мемлекеттік күзет қызметіне іріктелу – жастардың жоғары дайындық деңгейі мен оларға көрсетілген мемлекеттік сенімнің белгісі.

– Мемлекеттік күзет қызметіндегі әскери қызмет жоғары тәртіпті, төзімділікті және жауапкершілікті талап етеді. Шымкенттік әскерге шақырылушылар өңір намысын абыроймен қорғап, әскери борыштарын адал атқарады деп сенемін, – деді полковник Әбдіғабит Шегебаев.

Салтанатты рәсім барысында жас сарбаздарға ақ жол тіленіп, ата-аналары мен жақындары сәтті қызмет тілеп, қолдау білдірді.

Әскерге шақырылушыларды жөнелту күзгі әскерге шақыру науқаны аясында жүзеге асырылуда. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскерлерін жоспарлы түрде жасақтауға бағытталған.

Айта кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкент қаласынан 1300-ден астам азаматты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланған. Бүгінгі таңда өңірден Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 200-ден астам, ал Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына 250-ге жуық азамат аттанды.

Ілмек: Әскери даярлықБорышЖастарОтанШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Әлемдік кітап нарығына жол тапқан сүндет

Әлемдік кітап нарығына жол тапқан сүндет

Автор: adym
08.10.2026
0

Топты жарып, жетістікке жеткен жастардың еңбегіне қуанатынымыз бар. Бірі өнерімен, бірі білімімен, енді бірі спорттағы жеңісімен ел абыройын асқақтатып жүр. Әсіресе туған жерден түлеп ұшқан талантты жастардың еңбегі...

Венгерская делегация во главе с мэром дебрецена посадила деревья в дендропарке Шымкента

Венгерская делегация во главе с мэром дебрецена посадила деревья в дендропарке Шымкента

Автор: adym
08.10.2026
0

ADYM.KZ / Десять новых платанов украсили Аллею почетных гостей в шымкентском дендропарке. Посадку деревьев провели члены официальной делегации из Венгрии во главе с мэром Дебрецена Ласло Паппом в...

Венгриялық делегация өкілдері дендросаябаққа ағаш отырғызды

Венгриялық делегация өкілдері дендросаябаққа ағаш отырғызды

Автор: adym
08.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент дендрологиялық саябақтағы Құрметті қонақтар аллеясы он жаңа шынар ағашымен толықты. Дебрецен қаласының әкімі Ласло Папп бастаған Венгрияның ресми делегация мүшелері ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты. Ағаш...

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

Келесі
Әлемдік кітап нарығына жол тапқан сүндет

Әлемдік кітап нарығына жол тапқан сүндет

Ұсынамыз

Министрлік мәлімдемесі: Зейнетақы жинағын алуға арналған жаңа шек жақын күндері белгілі болады

Министрлік мәлімдемесі: Зейнетақы жинағын алуға арналған жаңа шек жақын күндері белгілі болады

02.06.2026
Түркістандағы Азия чемпионаты: Қазақстандық ескекшілер екінші күнде 13 медаль еншіледі

Түркістандағы Азия чемпионаты: Қазақстандық ескекшілер екінші күнде 13 медаль еншіледі

06.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.