AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

03.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам индустриясының үздік өкілдерін бір алаңға жинады.

Фестивальдің мақсаты – заманауи көше тағамдары мәдениетін дамыту, жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін кеңінен таныстыру және Шымкенттің гастрономиялық әрі туристік әлеуетін көрсету. Сонымен бірге, шара қала тұрғындарына отбасымен, достарымен бірге уақыт өткізіп, түрлі тағамдардан дәм татып, музыка тыңдап, көңіл көтеруге мүмкіндік берді.

Фестиваль аясында арнайы гастрономиялық алаң ұйымдастырылып, оған Шымкенттегі 40 үздік фуд-локация қатысты. Келушілер түрлі тағамдардан дәм татып, өздеріне ұнаған орындармен танысты. Бір жерде ыстық тағамдар әзірленсе, енді бір жерде тәттілер мен сусындардың түр-түрі ұсынылды. Сондықтан фестиваль аумағында адам қарасы да азаймай, шара басталғаннан соң-ақ қызу атмосфера қалыптасты.

Қала тұрғындарының бірі Гүлназ Муслимова фестивальден алған әсерімен бөлісті.
– Бүгін қаламызда осындай керемет фестиваль өтіп жатқанына қуаныштымыз. Келіп, жақсы әсер алып жатырмыз. Көше тағамдарының бірнеше түрінен дәм татып көрдік. Барлығы қызықты ұйымдастырылған. Мұнда тек тамақтанып қана қоймай, түрлі ойындарға қатысып, әуен тыңдап, көңіл көтеруге болады. Достарымызбен бірге жақсы уақыт өткізіп жатырмыз. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылса, қала тұрғындары үшін де, қонақтар үшін де жақсы болар еді, – деді қала тұрғыны.

Шараның ең ерекше әрі көпшіліктің қызығушылығын тудырған сәттерінің бірі – көлемі мен салмағы жағынан ауқымды хот-дог дайындау болды. Бұл бастама Қазақстанның рекордтар кітабына ену мақсатында ұйымдастырылды.
«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының директоры Заманбек Орынбеков фестивальдің басты ерекшеліктерінің бірі осы рекордтық хот-дог дайындау екенін атап өтті.
– Биылғы фестивальді ерекше форматта өткізуді мақсат еттік. Оның бір ерекшелігі – Қазақстанның рекордтар кітабына енуге талпыныс жасап, ең үлкен хот-дог дайындау. Бұл жай ғана көлемді тағам әзірлеу емес, фестивальдің есте қаларлық сәттерінің біріне айналатын ерекше жоба. Оны жүзеге асыруға серіктестеріміз де үлкен қолдау көрсетті. Атап айтқанда, Zigi Zagi сусыны мен «Нәрлен» компаниясы біздің басты серіктестеріміздің қатарында. Осындай қолдаудың арқасында фестивальді мазмұнды әрі қызықты өткізуге мүмкіндік болды, – деді орталық директоры.

Рекордтық хот-догты дайындау барысын фестиваль қонақтары қызығушылықпен тамашалады. Ерекше тағамның әзірленуі көпшілік үшін күтпеген әрі есте қаларлық көрініске айналды.

Фестивальде гастрономиялық бағдарламамен қатар мәдени-музыкалық шараларға да кең орын берілді. Кеш бойы сахнада түрлі музыкалық композициялар орындалып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйланды. Ал, кештің басты музыкалық қонақтарының бірі – танымал қазақстандық орындаушы Ziruza болды.

Әншінің өнерін тамашалауға жиналған көрермендер әнге қосылып, фестивальдің жалпы атмосферасын одан әрі жандандыра түсті. Осылайша, тағам мен музыка үйлесіп, шара кәдімгі гастрономиялық жәрмеңкеден көңілді қалалық мерекеге ұласты.

«Street Food Fest» арқылы Шымкенттің гастрономиялық мәдениеті ғана емес, қаланың туристік әлеуеті де кеңінен таныстырылды. Көше тағамдары бүгінде көптеген қалалардағы туристік мәдениеттің бір бөлігіне айналып келеді. Шымкент үшін де мұндай шаралар жергілікті тағам орындарын танытып, шаһардың өзіндік дәмін қала тұрғындары мен қонақтарына көрсетуге мүмкіндік береді.

Этно-ауылдың ұлттық нақыштағы ортасы мен заманауи street food форматының қатар үйлесуі де фестивальдің өзіндік ерекшелігін айқындады. Қонақтар бір жағынан ұлттық атмосфераны сезінсе, екінші жағынан заманауи тағам мәдениетінің түрлі үлгілерімен танысты.

«Street Food Fest» осылайша Шымкенттің гастрономиялық мәдениетін танытқан, жергілікті кәсіпкерлердің басын қосқан және қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мазмұнды шаралардың біріне айналды.

@ Эльмира СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
«Шымкент келбеті»

Ілмек: Visit Shymkentгастрономиялық фестивальШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығы арттырылды

Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығы арттырылды

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында...

Келесі
В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Ұсынамыз

18-35 жас аралығындағы жазушыларға жаңа мүмкіндік ұсынылды

18-35 жас аралығындағы жазушыларға жаңа мүмкіндік ұсынылды

16.06.2026
«Заң мен тәртіп — тұрақтылық негізі»: Отырар колледжінің жастарына құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді

«Заң мен тәртіп — тұрақтылық негізі»: Отырар колледжінің жастарына құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді

18.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.