AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкент: Жастардың кәсіби бағытын айқындауға басымдық берілуде

03.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкент: Жастардың кәсіби бағытын айқындауға басымдық берілуде

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «NEET санатындағы жастарды қолдау және жұмыссыздықты азайту: кәсіби бағдар беру және еңбек нарығына бейімдеу» жобасы бастау алды.

Жоба NEET санатындағы жастардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға, олардың еңбек нарығы туралы түсінігін кеңейтуге және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына қолдау көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар жастардың өз қабілеті мен қызығушылығын анықтап, алған білімін еңбек нарығының сұранысымен ұштастыруына мүмкіндік беру көзделген.

Жоба аясында №130, №85, №145 және №62 жалпы білім беретін мектептерінде ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылып, жастармен кездесулер өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға мамандық таңдаудың жауапкершілігі, кәсіби дамудың маңызы және еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделу жолдары жөнінде кең көлемде ақпарат берілді.

Кездесу барысында профориентолог Сая Дәулетқызы Сихым жастарға мамандық таңдаудың негізгі қырларын түсіндіріп, кәсіби бағытты анықтау кезінде жеке қабілет, қызығушылық, бейімділік пен мақсатты ескеру қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беріліп, қазіргі таңда кәсіби білім мен практикалық дағдыларды қатар дамыту маңызды екені айтылды.

Мамандық таңдауда тек бір кәсіптің танымалдығына немесе айналаның пікіріне сүйенбей, адамның өз мүмкіндігін дұрыс бағалауы маңызды. Осы ретте жастарға өздерінің күшті тұстарын анықтап, қандай салада нәтижелі жұмыс істей алатынын саралау ұсынылды. Кәсіби бағдар беру барысында мамандықтың болашағы, еңбек жағдайы, біліктілік талаптары және одан әрі кәсіби өсу мүмкіндіктері де назарға алынды.

Кездесуде еңбек нарығындағы жаңа бағыттар мен заманауи кәсіптердің қалыптасуы жөнінде де түсінік берілді. Цифрлық технологиялардың дамуы, жаңа өндірістік үдерістер мен қызмет көрсету саласындағы өзгерістер бірқатар жаңа мамандықтарға сұраныстың артуына ықпал етіп отырғаны атап өтілді. Сондықтан жастарға өз білімін үнемі жетілдіріп, жаңа дағдыларды меңгеруге және кәсіби дамуға дайын болудың маңызы түсіндірілді.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау, білім алу бағыты және еңбек нарығына бейімделу мәселелері бойынша маманнан кеңес алды.

Жоба аясындағы жұмыстар жастардың кәсіби мүмкіндіктері туралы ақпараттануын арттырып қана қоймай, олардың болашаққа нақты жоспар құруына, еңбекке деген жауапкершілігін қалыптастыруға және қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының жүйелі жүргізілуі жастардың өз қабілетін тиімді пайдаланып, еңбек нарығында өз орнын табуына ықпал етпек.

Ілмек: ЖастарКәсіпШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Автор: adym
19.11.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Астана қаласында өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім...

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Автор: adym
19.11.2026
0

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында 2026 жылғы 28 қарашада сағат 12:00-де Арбат алаңында ұлттық мәдениет пен этносаралық достықты дәріптеуге арналған «ДОСТЫҚ» этнофестивалі...

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Автор: adym
18.11.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында Мәдениет және өнер ұлттық университеті құрылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жаңа жоғары оқу орнын ашу туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Университет...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Автор: adym
17.11.2026
0

Бүгін қаладағы Жастар Ресурстық орталығында Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жастардың басын қосқан тағылымды жиынның басты мақсаты – білім мен қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген өрендердің...

Келесі
Шымкентте жастарға техникалық мамандықтардың мүмкіндігі түсіндірілді

Шымкентте жастарға техникалық мамандықтардың мүмкіндігі түсіндірілді

Ұсынамыз

По поручению Президента: В Шымкенте открыли новую транспортную развязку

По поручению Президента: В Шымкенте открыли новую транспортную развязку

12.10.2026
Қазақстандық әнші Ақерке Амалят «Славян базарында» бірінші орын иеленді

Қазақстандық әнші Ақерке Амалят «Славян базарында» бірінші орын иеленді

20.07.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.