AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

30.09.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

ADYM.KZ / Шымкент қаласындағы Арбат алаңында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтіп, тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес берілді. Іс-шараға қалалық басқармалар мен әкімдіктердің мамандары, заңгер-консультанттар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және прокурорларды қоса алғанда, 40-қа жуық маман қатысты. Олар азаматтардың өтініштерін тыңдап, құқықтық мәселелер бойынша түсініктеме берді.

Акция барысында тұрғындар тұрғын үй және жылжымайтын мүлік құжаттарын рәсімдеу, әлеуметтік төлемдер, алимент өндіру, алаяқтық және басқа да мәселелер бойынша кеңес алды. Мамандар әрбір өтінішті жеке қарастырып, заңнама аясында шешу жолдарын түсіндірді.

Әл-Фараби ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Мерей Айжанованың айтуынша, азаматтар көбіне тұрғын үй мен жылжымайтын мүлікке қатысты сұрақтармен жүгінеді. Сонымен қатар соңғы уақытта кибералаяқтық, қаржылық алаяқтық және дропперлікке байланысты мәселелер де жиі көтеріліп жүр.

«Шымкент тұрғындары түрлі мәселелер бойынша жүгінеді. Алайда ең көп қойылатын сұрақтар тұрғын үй және жылжымайтын мүлік құжаттарын рәсімдеуге қатысты. Сондай-ақ кибералаяқтық, алаяқтық және дропперлік мәселелері де жиі көтеріледі. Бұдан бөлек, алимент өндіруге көмек сұрап жүгінетіндер бар. Кейбір азаматтарға барлық құжаттарымен аудан прокуратурасына келуді ұсынамыз. Сол жерде туындаған мәселелерді нақты әрі жан-жақты қарастыруға мүмкіндік бар. Бір күннің өзінде аудан прокуратурасына түрлі мәселелер бойынша шамамен 30 адам жүгінеді», – дейді Мерей Айжанова.

Акцияға қатысқан мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де тұрғындарға өз бағыттары бойынша кеңес берді. Атап айтқанда, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу тәртібін түсіндірді.

Тұрғындар тарапынан көпқабатты үйлердің маңында кәсіпкерлік нысандарын салуға байланысты жер даулары да көтерілді. Мамандар тұрғындар мен кәсіпкерлер арасындағы осындай мәселелерді заң аясында шешу жолдары жөнінде түсініктеме берді.

«Халық заңгері» акциясы бірнеше жылдан бері еліміздің азаматтарына тегін құқықтық көмек көрсетіп келеді. Оның басты ерекшелігі – тұрғындар әртүрлі мекемелерге бармай-ақ, бір алаңда бірнеше саланың маманынан кеңес ала алады. Мұндай шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауына мүмкіндік береді.

Ілмек: АкцияХалық заңгеріШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
В Шымкенте прошел этнопознавательный фестиваль «ТЕКЕМЕТ FEST»

В Шымкенте прошел этнопознавательный фестиваль «ТЕКЕМЕТ FEST»

Ұсынамыз

Сенат: Бюджеттен 648,7 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

Сенат: Бюджеттен 648,7 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

18.06.2026
Қайрат Қабышев үзіліссіз 102 ән орындап, дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

Қайрат Қабышев үзіліссіз 102 ән орындап, дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

11.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.