AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте жас отбасылардың білім-білімі сыналған «ОТАУ IQ» сайысы өтті

13.09.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте жас отбасылардың білім-білімі сыналған «ОТАУ IQ» сайысы өтті

ADYM.KZ / Шымкентте Отбасы күніне орай жас отбасылар арасында «ОТАУ IQ» интеллектуалдық сайысы өтті. Шара Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Бақыт мекені» жобасы аясында өткізілді.

Интеллектуалдық сайыстың негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, сондай-ақ жас отбасылардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру.

QUIZ форматында өткен жарысқа жас отбасылардан құралған командалар қатысты. Сайыс алты кезеңнен тұрып, қатысушыларға барлығы 42 зияткерлік, логикалық және танымдық сұрақ ұсынылды.

Ерекшелігі – тапсырмаларды қатысушылар жеке емес, отбасымен бірге талқылап, ортақ шешім қабылдады. Осы арқылы сайыс білім мен логикалық ойлауды ғана емес, жұптардың бірлесіп әрекет ету, бір-бірінің пікірін тыңдау және шешім қабылдау қабілетін де сынады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат жас отбасылардың қарым-қатынасын нығайтып, өзара қолдау мен сенім мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жастардың бос уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік береді.

Сайыс қорытындысы бойынша Уәлхановтар отбасы I орынға ие болды. Пазылдар және Шәріпбайлар отбасылары II орын, ал Ділдәбековтар, Шаниязовтар және Мансуровтар отбасылары III орын алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды.

Отбасы институтын нығайтуға бағытталған мұндай мәдени-танымдық шаралар жастар арасында өзара сыйластық, жауапкершілік, бірлік және қолдау құндылықтарын дәріптеуге мүмкіндік береді.

«ОТАУ IQ» сайысы да жас отбасылардың бірге уақыт өткізіп, білімін ортаға салып, ортақ мақсатқа бір команда ретінде ұмтылуына жағдай жасады.

Мықты отбасы – берік қоғамның негізі. Сондықтан отбасылық құндылықтарды насихаттап, жас отбасыларды қолдауға бағытталған жобалардың маңызы зор.

Ілмек: ЖастарИнтеллектуалдық сайысОТАУ IQШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

Ұсынамыз

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының төмендеу үрдісі байқалды

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының төмендеу үрдісі байқалды

26.06.2026
Жастардың әскери тәрбиесі – ел қауіпсіздігінің маңызды негізі

Жастардың әскери тәрбиесі – ел қауіпсіздігінің маңызды негізі

13.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.