AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Жасанды интеллект энергетикалық инфрақұрылымды бақылаудың жаңа кезеңін бастады

23.07.2026
Санаты: Технология
Жасанды интеллект энергетикалық инфрақұрылымды бақылаудың жаңа кезеңін бастады

ADYM.KZ / Қазақстанның энергетика саласында цифрлық технологияларды енгізу қарқын алып келеді. Цифрландыру жылы аясында Энергетика министрлігі энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігін арттыру, өндірістік процестерді оңтайландыру және еңбек қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді іске асыруда.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа технологиялар электр беру желілерін, трансформаторларды, түтін мұржаларын, көмір қоймаларын және гидротехникалық құрылыстарды автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді. Ал жасанды интеллект жиналған мәліметтерді талдап, ақауларды ерте кезеңде анықтап, оларды жоюға қатысты ұсынымдар әзірлейді.

Электр беру желілері мен энергетикалық нысандарды ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен тексеру инспекция жүргізу уақытын 5–10 есеге дейін қысқартқан. Бұрын түтін мұржаларын тексеруге бірнеше күн қажет болса, қазір бұл жұмыс шамамен екі сағатта аяқталады. Сонымен қатар, қызметкерлердің биіктікте жұмыс істеу қажеттілігі жойылып, еңбек қауіпсіздігі айтарлықтай жақсарған.

Цифрлық технологиялар көмір қорларын бақылауда да қолданылып жатыр. Аэрофототүсірілім негізінде қоймалардың үш өлшемді модельдері жасалып, жасанды интеллект көмір көлемін 99 пайызға дейінгі дәлдікпен автоматты түрде есептейді. Соның нәтижесінде деректерді өңдеу мерзімі бірнеше күннен небәрі 20 минутқа дейін қысқарған.

Бұдан бөлек, цифрлық құралдар гидротехникалық құрылыстарды бақылауда да тиімділігін көрсетуде. Аэрофототүсірілім мен тепловизиялық бақылау нәтижелерін талдау бөгеттердегі ықтимал ақауларды дер кезінде анықтап, технологиялық тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жасанды интеллект пен цифрлық мониторинг жүйелерін енгізу энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігін арттырып, өндірістік тиімділік пен өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін жаңа сатыға көтеруге ықпал етеді. Бұл ведомствоның энергетика саласын цифрлық трансформациялау жөніндегі стратегиялық бағытының негізгі басымдықтарының бірі болып саналады.

Еске салсақ, биыл Қазақстанның энергетика жүйесіне жалпы қуаты 2,66 ГВт болатын жаңа энергетикалық нысандарды іске қосу жоспарланған.

Ілмек: ДронЖИ жасанды интеллектӨндірістік қауіпсіздікЦифрлық технологиялар
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
Қазақстан Мароккодағы екінші Құрметті консулдығын Марракеште ашты

Қазақстан Мароккодағы екінші Құрметті консулдығын Марракеште ашты

Ұсынамыз

Шымкентте отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбие талқыланды

Шымкентте отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбие талқыланды

11.09.2026
Қаржылық қауіпсіздік: Жастар алаяқтықтан сақтану жолдарын үйренді

Қаржылық қауіпсіздік: Жастар алаяқтықтан сақтану жолдарын үйренді

23.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.