AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбие талқыланды

11.09.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбие талқыланды

ADYM.KZ / Отбасы күніне орай Шымкент қаласының Орталықтандырылған балалар кітапханалары жүйесіне қарасты №14 бөлімде «Отбасылық құндылықтар және ұлттық тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – отбасындағы өзара сыйластықты нығайту, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу. Кездесуде үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, отбасылық дәстүрлерді сақтау және ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелері сөз болды.

Дөңгелек үстелге Отбасын қолдау орталығы бөлімінің басшысы Лайла Әуелбек, Арипбаевтар, Мауленовтер, Жүзбаевтар, Нишамбаевтар және Сабитовтар әулеттерінің өкілдері, сондай-ақ кітапхана оқырмандары қатысты.

Кездесу барысында кітапханашы Сабина Алдабергенова «Отбасындағы ұлттық тәрбие» тақырыбында баяндама жасап, бала бойында туған халқының тарихы мен мәдениетіне, ана тіліне және рухани құндылықтарына құрмет қалыптастырудағы ата-ананың рөліне тоқталды.

«Ұлттық тәрбие ең алдымен отбасынан басталады. Бала үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, ана тілі мен ұлттық мәдениеттің қадірін түсінуді ең алдымен үйде үйренеді. Бұл құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқанда ғана тәрбиенің берік негізі қалыптасады», – деді Сабина Алдабергенова.

Іс-шара аясында ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған «Отбасылық құндылықтар» және «Бірге шешейік» шығармашылық алаңдары ұйымдастырылды. Қатысушылар түрлі отбасылық жағдайларды талқылап, мәселелерді бірлесіп шешудің жолдарын қарастырды.

Сонымен қатар психологпен бірге «Жылы сөздер» тренингтік ойыны өткізілді. Қатысушылар бір-біріне алғыс айтып, қолдау сөздерін білдіріп, өзара сенім мен түсіністікті арттыруға бағытталған жаттығуларға қатысты.

Кітапханашы Ақбөпе Тұлтаева отбасының бала тәрбиесіндегі орнына тоқталып, ата-ананың жеке үлгісінің маңызын атап өтті.

«Отбасы – бала өмірлік бағдар алатын алғашқы орта. Балаларға мейірімділік, сыйластық пен жауапкершілікті сөзбен түсіндірумен қатар, оны күнделікті ісімізбен көрсету маңызды. Осындай кездесулер ата-ана мен баланың ашық сөйлесіп, бір-бірін тыңдауына мүмкіндік береді», – деді Ақбөпе Тұлтаева.

Кездесу соңында «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге бала тәрбиесі, отбасылық қарым-қатынас және рухани-адамгершілік құндылықтарға арналған әдебиеттер қойылды.

Шараға қатысушылар отбасы дәстүрлерін сақтау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру – берік әрі үйлесімді қоғам қалыптастырудың маңызды негізі екенін атап өтті.

Ілмек: Отбасы құндылығыұлттық тәрбиеШымкент
SummarizeБөлісу235

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Ұсынамыз

Жапония төрінде қазақстандық каратэшілер қос жүлде еншіледі

Жапония төрінде қазақстандық каратэшілер қос жүлде еншіледі

23.07.2026
WTA 2026 жылдан бастап спортшыларды SRY гені бойынша тексереді

WTA 2026 жылдан бастап спортшыларды SRY гені бойынша тексереді

20.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.