AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстан адам дамуы индексі бойынша ТМД елдері арасында көш бастады

24.07.2026
Санаты: Қоғам
Қазақстан адам дамуы индексі бойынша ТМД елдері арасында көш бастады

ADYM.KZ / Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жариялаған Адам дамуы индексі (Human Development Index, HDI) рейтингінде жоғары нәтиже көрсетті. Ел 193 мемлекет арасында 60-орынға жайғасып, ТМД елдері ішінде бірінші орынға шықты

БҰҰДБ-ның 2025 жылғы баяндамасында 2023 жылғы деректер негізінде елдердің даму деңгейі бағаланған. Қазақстанның HDI көрсеткіші 0,837 болып, адам дамуы деңгейі өте жоғары мемлекеттер санатына енді.

Адам дамуы индексі үш негізгі бағытты қамтиды: халықтың ұзақ әрі салауатты өмір сүруі, білім алу мүмкіндігі және өмір сүру деңгейі. Индексті есептеу кезінде өмір сүру ұзақтығы, оқу ұзақтығы және сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс ескеріледі.

ТМД елдері арасында Қазақстаннан кейін Ресей (0,832, 64-орын), Беларусь (0,824, 65-орын) және Армения (0,811, 69-орын) орналасқан. Бұл мемлекеттердің барлығы адам дамуы деңгейі өте жоғары елдер қатарына жатады.

Баяндамаға сәйкес, Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 74,4 жылды құрайды. Сондай-ақ елдегі болжалды оқу ұзақтығы — 14 жыл, ал орташа оқу ұзақтығы — 12,5 жыл.

Білім беру саласындағы көрсеткіштер де халықаралық рейтингтерде байқалады. Мәселен, QS Best Student Cities 2027 рейтингі бойынша Алматы мен Астана студенттер үшін тартымды қалалар қатарында жоғары нәтижелер көрсетіп, тиісінше 78 және 119-орындарға ие болды. Сарапшылар Қазақстанның артықшылықтары ретінде жоғары оқу орындарының деңгейі мен білімнің қолжетімділігін атап өткен.

Қазақстанда сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 30,9 мың АҚШ долларынан асты. ТМД елдері арасында бұл көрсеткіш бойынша Ресей ғана жоғары нәтиже көрсетті — 39,2 мың доллар.

Адам дамуы деңгейі жоғары мемлекеттер қатарына Әзербайжан (0,789), Молдова (0,785), Украина (0,779), Түрікменстан (0,764), Өзбекстан (0,740) және Қырғызстан (0,720) енді.

Ал Тәжікстан 0,691 көрсеткішімен 128-орында орналасып, ТМД елдері арасында адам дамуының орташа деңгейі санатына кірген жалғыз мемлекет болды.

Ілмек: Адам дамуы индексіҚазақстанҚоғамРейтингТМД
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Ұлттық банк инфляцияны тежеу үшін ақша-кредит саясатын жалғастырады

Ұлттық банк инфляцияны тежеу үшін ақша-кредит саясатын жалғастырады

Ұсынамыз

Елорданың 30 ауласында бұқаралық спортты дамытатын AULAFIT жобасы іске қосылды

Елорданың 30 ауласында бұқаралық спортты дамытатын AULAFIT жобасы іске қосылды

17.06.2026
Шымкентте екі басқармаға жаңа басшылар тағайындалды

Шымкентте екі басқармаға жаңа басшылар тағайындалды

15.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.