AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Түркістан облысы Орталық Азияның жаңа тау туризмі орталығына айналуға жақын

22.06.2026
Санаты: Аймақ, Басты
Түркістан облысы Орталық Азияның жаңа тау туризмі орталығына айналуға жақын

ADYM.KZ / Түркістан облысында жалпы құны 172 млрд теңгені құрайтын халықаралық тау шаңғысы кластерін салу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өткен көшпелі кеңесте мәлім болды.

Кеңеске ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, өңірде экотуризмді дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды талқылады. Іс-шараға 50-ден астам отандық және шетелдік инвестор қатысты.

Жиында Біркөлік, Қасқасу және Сайрамсу шатқалдарында туристік инфрақұрылым құру, демалыс аймақтары мен туристік-рекреациялық кешендер салу жобалары таныстырылды. Сондай-ақ Төлеби және Түлкібас аудандарында халықаралық стандарттарға сай апарт-кешендер мен бутик-қонақүйлер салу жоспарлары ұсынылды.

Кеңесте KASKASU халықаралық тау шаңғысы кластерінің тұжырымдамасы да таныстырылды. Жоба China Construction Sixth Engineering Bureau Corp. LTD компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылмақ. Жоспар бойынша туристік ауылдар, қонақүйлер, спорттық және ойын-сауық нысандары, заманауи аспалы жолдар салынып, курорттың жыл бойы жұмыс істеуіне жағдай жасалады.

Үкімет өкілдерінің айтуынша, жоба Түркістан облысын Орталық Азиядағы жетекші тау туризмі орталықтарының біріне айналдыруға бағытталған.

Нұрлыбек Нәлібаев инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде экологиялық талаптарды сақтау, құрылыс сапасын қамтамасыз ету және белгіленген мерзімдерді қатаң орындау маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, инвесторлар өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда жер учаскелері мемлекетке қайтарылады.

Жұмыс сапары барысында бірінші вице-премьер «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағын әуеден шолып, өңірдің туристік және табиғи әлеуетімен танысты. Кеңес қорытындысында жауапты органдар мен инвесторларға жобаларды жедел іске асыру және ұлттық парктің халықаралық туристік тартымдылығын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Ілмек: Орталық АзияТау туризміТүркістан
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Жапонияда сәбилерді ұйықтататын әуен интернетте хитке айналды

Жапонияда сәбилерді ұйықтататын әуен интернетте хитке айналды

Ұсынамыз

Қазақстан 2027 жылы бірден алты әлем чемпионатын ұйымдастырады

Қазақстан 2027 жылы бірден алты әлем чемпионатын ұйымдастырады

08.07.2026
Алматыда заманауи көлік жүйелері — LRT мен SkyTrain құрылысы жүргізіледі

Алматыда заманауи көлік жүйелері — LRT мен SkyTrain құрылысы жүргізіледі

11.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.