AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстан Мароккодағы екінші Құрметті консулдығын Марракеште ашты

24.07.2026
Санаты: Басты, Саясат
Қазақстан Мароккодағы екінші Құрметті консулдығын Марракеште ашты

ADYM.KZ / Марокконың Марракеш қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының ресми ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Қазақстанның Мароккодағы Төтенше және өкілетті елшісі Сәулекүл Сайлауқызы қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, рәсімге Марракеш қаласының жергілікті билік өкілдері, Марокко Парламентінің депутаттары, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан мен Марокконың сауда-өнеркәсіп палаталары және іскер әйелдер қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Елші Сәулекүл Сайлауқызы Құрметті консулдардың екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы рөліне тоқталып, олардың жергілікті жағдайды жақсы білетіндігінің арқасында сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, туристерге қолдау көрсетуге және түрлі мәселелерді жедел шешуге ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ ол Марракештің кездейсоқ таңдалмағанын айтты. Оның сөзінше, қала Марокконың ірі туристік әрі іскерлік орталықтарының бірі саналады. Бұған қоса, өткен жылдан бері күшіне енген визасыз режим Қазақстан мен Марокко азаматтарының өзара сапарларының артуына оң әсер еткен.

Марракештегі Қазақстанның жаңадан тағайындалған Құрметті консулы Юсеф Эсаси көрсетілген сенім үшін алғыс айтып, алдағы уақытта екі ел арасындағы сауда, инвестиция және іскерлік байланыстарды дамытуға күш салатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Марракештегі Құрметті консулдық – Қазақстанның Мароккодағы Касабланкадан кейін ашылған екінші консулдық мекемесі.

Еске салайық, бұған дейін Касабланкада Қазақстан–Марокко іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өткен болатын. Сондай-ақ Рабатта ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда және инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған бірқатар кездесу ұйымдастырылды.

Ілмек: ДипломатияЕлшілікМароккоХалықаралық ынтымақтастық
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Президент Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Президент Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Ұсынамыз

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия жарияланбақ. Кімдерге жеңілдік беріледі?

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия жарияланбақ. Кімдерге жеңілдік беріледі?

30.05.2026
Шымкентте екі басқармаға жаңа басшылар тағайындалды

Шымкентте екі басқармаға жаңа басшылар тағайындалды

15.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.