AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Астанада ағза трансплантациясы туралы «4739» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

22.07.2026
Санаты: Мәдениет
Астанада ағза трансплантациясы туралы «4739» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

ADYM.KZ /   Астанада ағза трансплантациясы, трансплантолог дәрігерлердің еңбегі және донорлықты күтіп жүрген адамдардың тағдыры туралы баяндайтын «Хабар» агенттігінің «4739» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

Премьераға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, медицина саласының мамандары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, реципиенттер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ фильмнің авторлары мен кейіпкерлері қатысты.

Іс-шара барысында Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт денсаулығын елдің басты құндылықтарының бірі ретінде үнемі атап өтетінін айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда ағза трансплантациясы жүйелі түрде дамып келеді, ал отандық дәрігерлер жоғары технологиялық әрі күрделі операцияларды сәтті орындауда.

Вице-премьердің айтуынша, Үкімет трансплантация жүйесін жетілдіруге, медициналық ұйымдардың кәсіби әлеуетін арттыруға және халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге басымдық беріп отыр.

Фильм атауының да өзіндік мәні бар. Қазіргі таңда Қазақстанда 4 739 адам ағза трансплантациясын күту тізімінде тұр. Олардың көпшілігі үшін бұл – өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі. Алайда жыл сайын 350-ден астам науқас қажетті операцияны күтпей көз жұмады.

Ресми мәліметке сәйкес, елімізде жасалатын трансплантациялардың шамамен 90 пайызы тірі туыстық донорлардың қатысуымен жүзеге асады. Ал қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың үлесі 10 пайызға да жетпейді.

Соңғы бес жылда Қазақстанда 1 500-ге жуық ағза трансплантациясы жасалған. Оның әрбір төртіншісі 2025 жылға тиесілі. Былтыр ғана бүйрек, бауыр, жүрек және өкпе ауыстыру бойынша 310 операция орындалған.

Биыл елімізде алғаш рет балаға жүрек трансплантациясы сәтті жасалып, балалар трансплантологиясын дамытудағы маңызды кезеңдердің бірі болды.

Қазіргі уақытта электрондық үкімет порталы арқылы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз ұстанымын 172 283 адам білдірген. Оның ішінде 16 109 азамат келісім берсе, 156 174 адам донорлықтан бас тартқан.

Деректі фильмді 24KZ телеарнасының журналисі Назерке Тоқжан мен режиссер Берік Шаров түсірген. Туынды пациенттердің, олардың жақындарының және дәрігерлердің өмірінен алынған шынайы оқиғалар арқылы адам өмірінің құндылығы, донорлық мәдениеті мен дер кезінде қабылданатын шешімнің маңызын көрсетеді.

«4739» деректі фильмі 24 шілде күні сағат 19:30-да 24KZ телеарнасынан көрсетіледі.

Ілмек: 4739 деректі фильміАстанаМедицина
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды

Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды

Ұсынамыз

Тоқаев Брюссельде Еуроодақ басшыларымен келіссөз жүргізеді

Тоқаев Брюссельде Еуроодақ басшыларымен келіссөз жүргізеді

22.06.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев елордада бас байрақты көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада бас байрақты көтеру рәсіміне қатысты

04.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.