AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстанда ҰБТ-ның жаңа моделін әзірлеу жұмысы басталды

07.07.2026
Санаты: Қоғам
Қазақстанда ҰБТ-ның жаңа моделін әзірлеу жұмысы басталды

ADYM.KZ  / Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) алмастыратын жаңа қабылдау емтиханының (Admissions Insight Test – AIT) моделі әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Астанада ETS халықаралық ұйымының өкілдері AIT емтиханының жаңа моделін әзірлеуге арналған кешенді зерттеу нәтижелерін таныстырды. Іс-шара барысында қолданыстағы бағалау жүйесіне жүргізілген талдау, халықаралық тәжірибені салыстырмалы зерттеу қорытындылары және жоғары оқу орындарының қажеттіліктеріне жүргізілген сараптама ұсынылды.

Сонымен қатар кадрлық әлеуетке берілген баға, бағалау процесінде жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері және болашақ емтихан құрылымына қойылатын негізгі талаптар талқыланды.

Министрліктің мәліметінше, жаңа емтихан талапкерлердің тек пәндік білімін ғана емес, академиялық құзыреттерін де жан-жақты бағалауға бағытталады. Атап айтқанда, сыни ойлау, талдау жасау, ақпарат пен академиялық мәтіндермен жұмыс істеу, өз ойын жүйелі әрі дәлелді жеткізу және білімін түрлі жағдайда қолдану қабілеттеріне басымдық беріледі.

Жаңа модель аясында тест тапсырмаларының сапасын арттыру, олардың тілдік түсініктілігін қамтамасыз ету, әртүрлі тілдердегі нәтижелердің салыстырмалылығын сақтау және бағалау рәсімдерінің объективтілігін күшейту көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, тест тапсырмаларының қорын кеңейту, тест нұсқаларын автоматты түрде қалыптастыру және емтихан нәтижелері бойынша аналитикалық есептілікті жетілдіру мәселелері де қарастырылған.

Министрлік жаңа модельді пилоттық сынақтан өткізу кезеңінде қолданыстағы ҰБТ жүйесі өз жұмысын жалғастыратынын атап өтті.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа бағалау жүйесіне көшу зерттеу нәтижелері, пилоттық апробация қорытындылары, сарапшылардың ұсынымдары және академиялық қауымдастықтың пікірлері негізінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, ашықтық пен тең мүмкіндіктер қағидатына негізделген ұлттық білімді бағалау жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастырады.

Ілмек: Жаңа модельҰБТ
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Қазақ тілі Euronews-тің хабар тарату тілдерінің қатарына қосылды

Қазақ тілі Euronews-тің хабар тарату тілдерінің қатарына қосылды

Ұсынамыз

Кинотеатрларға бақылау күшейді: Қазақстанда фильмдер прокатқа шығар алдында арнайы тексерістен өтеді

Кинотеатрларға бақылау күшейді: Қазақстанда фильмдер прокатқа шығар алдында арнайы тексерістен өтеді

08.06.2026
2030 жылға қарай еліміздегі жолаушылар вагондарының 90 пайызы жаңартылады

2030 жылға қарай еліміздегі жолаушылар вагондарының 90 пайызы жаңартылады

16.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.