AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Есірткісіз болашақ: Шымкентте жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы күрес шаралары өтуде

29.08.2026
Санаты: Аймақ
Есірткісіз болашақ: Шымкентте жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы күрес шаралары өтуде

ADYM.KZ / Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – синтетикалық есірткілердің таралуы және олардың жастар денсаулығы мен қауіпсіздігіне төндіретін қаупі. Осыған байланысты Шымкент қаласында есірткіге тәуелділіктің алдын алу, заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «StopNarko» және «Есірткіге жол жоқ!» атты профилактикалық акциялар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, есірткі заттарын таратуға байланысты заңсыз әрекеттерге жастардың тартылуы алаңдаушылық туғызады. Атап айтқанда, есірткі сатуды жарнамалау, ғимараттар мен қоғамдық орындардың қабырғаларына есірткі ресурстарының байланыс деректерін жазу, сондай-ақ «жасырын қойма» арқылы тарату сияқты әрекеттерге қатысатын жас азаматтар кездеседі. Кейбірі мұндай іске оңай табыс табудың жолы ретінде қараса, оның заңдық салдарын толық түсіне бермейді.

Осыған орай, қала мектептері мен жоғары оқу орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Кездесулер барысында жастарға есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны, тәуелділіктің психологиялық және әлеуметтік салдары, сондай-ақ есірткіні сақтау мен тарату үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы мәліметтер беріледі.

Нарколог-дәрігер Қайрат Исаев есірткіге тәуелділіктің алдын алуда ерте профилактика мен отбасылық тәрбиенің маңызына тоқталды.

«Нашақорлық пен есірткі бизнесі – қоғамның болашағына қауіп төндіретін күрделі мәселе. Әсіресе синтетикалық есірткілер адамның денсаулығына ауыр зиян келтіріп, психикасы мен жүйке жүйесіне кері әсер етуі мүмкін. Жастардың жеңіл табысқа немесе қызығушылыққа еріп, мұндай әрекеттерге бармауы үшін есірткінің зардабы мен заң алдындағы жауапкершілік туралы ашық түсіндіру қажет. Отбасындағы тәрбие, спорт пен өнерге баулу – алдын алу жұмыстарының маңызды бөлігі», – деді дәрігер.

Профилактикалық іс-шаралар аясында жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану насихатталып, спорттық жарыстар мен танымдық кездесулер ұйымдастырылуда. Мұндай бастамалар жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне, пайдалы әдеттер қалыптастыруына және зиянды әрекеттерден аулақ болуына ықпал етеді.

Есірткі қылмысының алдын алу – құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жастардың денсаулығын қорғауға және қауіпсіз орта қалыптастыруға басымдық берілмек.

Ілмек: Есірткісіз болашақЖастарШымкент
SummarizeБөлісу235

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Шымкент: Буллинг пен кибербуллингке қарсы күресте жастар, жасөспірімдер қауіпсіздігіне басымдық берілді

Шымкент: Буллинг пен кибербуллингке қарсы күресте жастар, жасөспірімдер қауіпсіздігіне басымдық берілді

Ұсынамыз

Елордадағы жаңа әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталады

Елордадағы жаңа әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталады

01.07.2026
АҚШ Конгресінің делегациясы Қазақстанның креативті индустриясымен танысты

АҚШ Конгресінің делегациясы Қазақстанның креативті индустриясымен танысты

26.08.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.