AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Comic Con Astana фестивалінің алғашқы жұлдызды қонақтары белгілі болды

21.07.2026
Санаты: Мәдениет
Comic Con Astana фестивалінің алғашқы жұлдызды қонақтары белгілі болды

ADYM.KZ /   Астанада 6–9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі поп-мәдениет фестивальдерінің бірі – Comic Con Astana 2026 өтеді. Биылғы фестивальдің алғашқы жұлдызды қонақтарының қатарында британдық әрі испаниялық актер Таз Скайлар мен оңтүстіккореялық Kandis K-pop тобы бар. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Таз Скайлар әлемдік аудиторияға Netflix платформасындағы One Piece сериалында Санджи рөлін сомдау арқылы кеңінен танылды. Сонымен қатар ол Boiling Point («Қайнау нүктесі»), Cleaner («Тазалаушы»), The Kill Team («Өлім тобы») және Agatha Raisin жобаларындағы рөлдерімен де белгілі.

Актер шығармашылық жолында сценарист, режиссер және продюсер ретінде де еңбек етіп келеді. Сондай-ақ экстремалды спорт түрлерімен айналысады.

Фестиваль аясында Таз Скайлар жанкүйерлерімен арнайы кездесуге қатысып, сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ қолтаңба тарату және фотосессиялар ұйымдастырылады.

Comic Con Astana 2026 қонақтарының қатарында халықаралық Silk Way Star телевизиялық вокал байқауында Оңтүстік Кореяның атынан өнер көрсеткен Kandis K-pop тобы да бар.

Дәстүрлі түрде фестиваль Barys Arena мен «Алау» мұз сарайында өтеді. Бағдарламаға кино, сериал, аниме, комикс, бейнеойын және косплей бағытындағы іс-шаралар енген.

Фестивальдің басты оқиғаларының бірі саналатын халықаралық косплей байқауының жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Comic Con Astana 2026 фестиваліне билеттер ресми сайтта сатылымға шыққан.

Ілмек: Comic Con AstanaМәдениетФестивальШығармашылық
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Солтүстік Қазақстан облысында сайлауға 3 мыңнан астам комиссия мүшесі тартылады

Солтүстік Қазақстан облысында сайлауға 3 мыңнан астам комиссия мүшесі тартылады

Ұсынамыз

Қазақстандық Асу Алмабаев UFC-дің «Кештің үздік өнері» үшін 100 мың доллар алды

Қазақстандық Асу Алмабаев UFC-дің «Кештің үздік өнері» үшін 100 мың доллар алды

29.06.2026
Шымкенттік студенттер киберқылмысқа қарсы «Цифрлық қалқан» сабағын үйренуде

Шымкенттік студенттер киберқылмысқа қарсы «Цифрлық қалқан» сабағын үйренуде

10.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.