AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстандық оқушылар EUROAI 2026 олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды

20.07.2026
Санаты: Технология
Қазақстандық оқушылар EUROAI 2026 олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды

ADYM.KZ /   Қазақстан құрамасы жасанды интеллект бойынша өткен алғашқы Орталық Еуропа олимпиадасында (EUROAI 2026) жоғары нәтиже көрсетіп, бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстанның Спорттық бағдарламалау федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

EUROAI – жасанды интеллект бағытындағы жыл сайынғы өңірлік олимпиада. Жарыс барысында қатысушылар машиналық оқыту (Machine Learning), терең оқыту (Deep Learning), табиғи тілді өңдеу (Natural Language Processing) және компьютерлік көру (Computer Vision) салалары бойынша практикалық тапсырмаларды жеке орындады.

Олимпиада 2026 жылғы 14–19 шілде аралығында Румынияның Клуж-Напока қаласындағы Бабеш–Бойяи университетінде өтті. Қазақстандық команда жарысқа онлайн форматта қатысып, Еуропаның жетекші құрамаларымен бақ сынасты.

Жарыс қорытындысында Әбу Қанабек алтын медаль иеленсе, Исламнур Хусаинов пен Даужан Бекетов күміс жүлдегер атанды. Ал Сұлтанби Исатай қола медаль жеңіп алды.

Екі күнге созылған сайыста қатысушылар жасанды интеллект модельдерін нөлден әзірлеп, бағдарламалау, деректерді талдау және машиналық оқыту салаларындағы күрделі практикалық тапсырмаларды орындады. Олимпиада форматы олардың теориялық білімін ғана емес, шектеулі уақыт ішінде тиімді шешім қабылдау қабілетін де сынады.

Қазақстанның Спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Мусин бұл нәтижені отандық жасанды интеллект мектебінің әлеуетін айқын көрсететін жетістік деп бағалады.

– Жас өрендеріміз EUROAI 2026 олимпиадасында табысты өнер көрсетіп, Қазақстанның жасанды интеллект пен спорттық бағдарламалау мектебі әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл – жас таланттарды жүйелі қолдаудың нәтижесі. Балаларымызды мақтан тұтамын, – деді Бағдат Мусин.

Айта кетейік, қазақстандық оқушылардың келесі халықаралық жарысы 2026 жылғы 2–8 тамыз аралығында Астанада өтетін Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада (IOAI) болмақ. Байрақты бәсекеге әлемнің 110 елінен 500-ге жуық оқушы қатысады деп жоспарланып отыр.

Ілмек: EUROAI 2026ЖИ жасанды интеллектОқушыОлимпиада
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі мүмкін

Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі мүмкін

Ұсынамыз

Тоқаев CATL компаниясының Қазақстанда аккумулятор зауытын салу бастамасын қолдады

Тоқаев CATL компаниясының Қазақстанда аккумулятор зауытын салу бастамасын қолдады

16.07.2026
Еліміздегі мектептерде 2025-2026 оқу жылы қалай қорытындыланды?

Еліміздегі мектептерде 2025-2026 оқу жылы қалай қорытындыланды?

25.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.