AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Ақмола облысында жаңғыртылған Жақсы теміржол вокзалы ашылды

18.07.2026
Санаты: Қоғам
Ақмола облысында жаңғыртылған Жақсы теміржол вокзалы ашылды

ADYM.KZ /  Ақмола облысындағы Жақсы теміржол вокзалы күрделі жаңғыртудан кейін қайта пайдалануға берілді. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Вокзалдың ашылу рәсіміне Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, теміржол саласының ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Қайта жаңғырту барысында вокзал ғимаратының аумағы 203 шаршы метрден 222 шаршы метрге дейін кеңейтілді. Сондай-ақ жолаушылар перронының ұзындығы 388 метрден 503 метрге дейін ұлғайтылды.

Жөндеу жұмыстары аясында ғимараттың шатыры, қасбеті және ішкі бөлмелері толық жаңартылып, инженерлік желілер, жылыту, сумен жабдықтау және электр жүйелері қайта жаңғыртылды. Вокзал жаңа жиһаздармен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, іргелес аумақ абаттандырылды.

Көлік министрлігінің мәліметінше, нысанды әрлеу кезінде отандық өндірістің заманауи құрылыс материалдары пайдаланылған. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз қатынауы үшін арнайы сыртқы көтергіш орнатылды.

1960 жылы салынған Жақсы теміржол вокзалы ондаған жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда станция арқылы сегіз жолаушылар пойызы қатынайды. Олар Астана, Алматы, Қостанай, Арқалық, Семей, Павлодар және Маңғыстау бағыттарында жолаушылар тасымалдайды.

Ілмек: Ақмола облысыҚоғамТемір жол
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

Ұсынамыз

Сұранысқа ие мамандықтар: жастарға кәсіби бағдар берілді

Шымкент: Университетте студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті

30.09.2026
Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

19.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.