AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Туризм және спорт салаларын AI арқылы цифрландырудың жаңа кезеңі басталды

01.07.2026
Санаты: Спорт
Туризм және спорт салаларын AI арқылы цифрландырудың жаңа кезеңі басталды

ADYM.KZ / Қазақстанда туризм мен спорт салаларын цифрлық трансформациялау аясында жасанды интеллект (AI) технологияларын енгізу жұмыстары қарқын алмақ. Бұл мәселе ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың жасанды интеллект саласындағы әлемге танымал сарапшы, 01.AI компаниясының бас директоры, Sinovation Ventures компаниясының төрағасы, профессор Ли Кай-Фумен кездесуінде талқыланды.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар спорт пен туризм салаларына AI шешімдерін енгізу, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және халықаралық тәжірибе алмасу бағытындағы ынтымақтастықты сөз етті.

Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, жасанды интеллектіні дамыту – Қазақстанның стратегиялық басымдықтарының бірі. Ал спорт пен туризмді цифрландыру бұл салалардың тиімділігін арттырып, азаматтар мен шетелдік қонақтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кездесуде спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер, спорт ұйымдары мен жарыстар туралы мәліметтерді біріктіретін бірыңғай e-Sport цифрлық платформасын құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Болашақта AI технологиялары жаттығу процесін талдау, спортшылардың қалпына келуін бақылау, тамақтану бойынша жеке ұсынымдар әзірлеу, жарақаттың алдын алу және бейнематериалдарды сараптау арқылы техника мен тактиканы жетілдіруге пайдаланылмақ.

Туризм саласында да ауқымды цифрлық жобалар қолға алынуда. Қазіргі уақытта министрлік туристік нысандар, бағыттар, қонақүйлер, ұлттық парктер және туристік ағындар туралы ақпаратты біріктіретін бірыңғай цифрлық платформаны әзірлеуде.

Келесі кезеңде туристерге жеке саяхат маршруттарын ұсынатын, бірнеше тілде кеңес беретін әрі сапар бойы бағыт-бағдар көрсететін интеллектуалды цифрлық көмекші іске қосу жоспарланып отыр.

Профессор Ли Кай-Фу Қазақстанның туристік әлеуетіне жоғары баға беріп, жасанды интеллект технологиялары туристік сервистің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін айтты. Оның пікірінше, AI шетелдік туристерге жедел аударма жасау, бағыт-бағдар беру, туристік ағындарды талдау, сұранысты болжау және басқарушылық шешімдер қабылдауға қажетті аналитикалық деректерді әзірлеу ісінде маңызды рөл атқарады.

Кездесу қорытындысында тараптар спорт пен туризм салаларына заманауи жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және тәжірибе алмасуды жалғастыруға уағдаласты.

Ілмек: Жасанды интеллектТуризм
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Сергей Емельянов пен Мария Бровкова әлем чемпионатының финалында бақ сынайды

Сергей Емельянов пен Мария Бровкова әлем чемпионатының финалында бақ сынайды

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстандық ескекшілер Польшада өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионатында тағы екі финалға жолдама алды. Познань қаласында ұйымдастырылған әлем біріншілігінде Сергей Емельянов пен Мария Бровкова...

Дастан Сәтпаев «Бернлидегі» алғашқы күндері мен командадағы атмосфера туралы айтты

Дастан Сәтпаев «Бернлидегі» алғашқы күндері мен командадағы атмосфера туралы айтты

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ағылшындық «Бернли» клубындағы алғашқы күндері, жаңа командаға бейімделу процесі және ұжым ішіндегі атмосфера туралы пікір білдірді. Жас футболшының айтуынша, жаңа командадағы...

Қазақстан күзде әлемдік деңгейдегі ірі спорттық жарыстар мен WADA отырыстарын қабылдайды

Қазақстан күзде әлемдік деңгейдегі ірі спорттық жарыстар мен WADA отырыстарын қабылдайды

Автор: adym
26.08.2026
0

ADYM.KZ / Астана мен Алматы қалаларында биыл күзде спорт саласындағы бірқатар ірі халықаралық жарыстар мен маңызды жиындар өтеді. Олардың қатарында әлем чемпионаттары, халықаралық спорттық сериялардың кезеңдері, олимпиадалық және...

Әлем чемпионы атанған Испания футболшыларына салық салынды

Әлем чемпионы атанған Испания футболшыларына салық салынды

Автор: adym
25.07.2026
0

ADYM.KZ / Испанияның футболдан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісі үшін алған сыйақысынан шамамен 15 млн АҚШ доллары көлемінде салық төлейді. Бұл туралы Fox News хабарлады. Басылым...

Келесі
«Әділет» партиясы QR-код арқылы өтініш қабылдайтын жаңа цифрлық сервисті іске қосты

«Әділет» партиясы QR-код арқылы өтініш қабылдайтын жаңа цифрлық сервисті іске қосты

Ұсынамыз

«Әділет» партиясы азаматтарды жалған аккаунттардан сақ болуға шақырды

«Әділет» партиясы азаматтарды жалған аккаунттардан сақ болуға шақырды

16.06.2026
Әлемдік нарықтағы жаңа тренд: «AI-washing» немесе жасанды интеллектімен «көз бояушылық»

Әлемдік нарықтағы жаңа тренд: «AI-washing» немесе жасанды интеллектімен «көз бояушылық»

26.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Путин сыйлаған төрт жолбарыс: Қазақстанға «Дала еркесінің» оралуы нені білдіреді?

    587 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • 2026–2027 оқу жылында оқушылар қандай жаңа курстарды оқиды?

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
  • Президент Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.