AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Ұлттық банк цифрлық теңгенің қауіпсіздік жүйесі туралы мәлімдеді

16.07.2026
Санаты: Технология
Ұлттық банк цифрлық теңгенің қауіпсіздік жүйесі туралы мәлімдеді

ADYM.KZ / Қазақстанда 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін цифрлық теңге көпдеңгейлі қорғаныс жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі редакция сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Ұлттық банктің хабарлауынша, цифрлық теңге платформасын әзірлеу кезінде қазіргі және болашақта туындауы мүмкін киберқауіптер ескеріліп, пайдаланушылардың деректері мен қаржылық операцияларын қорғауға басымдық берілген.

«Цифрлық теңге платформасы деректер мен операциялардың қауіпсіздігін барынша қорғауды көздейді. Оны әзірлеу барысында қазіргі және келешекте туындауы мүмкін киберқауіптер ескерілді», – делінген ресми жауапта.

Ведомствоның мәліметінше, платформаның қауіпсіздігі бірнеше деңгейде қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізілетін операциялар заманауи шифрлау және қолжетімділікті бақылау технологияларының көмегімен қорғалады.

Сондай-ақ инфрақұрылым деңгейінде серверлердің физикалық қауіпсіздігіне, жүйенің тұрақтылығы мен ақауға төзімділігіне ерекше назар аударылады. Бұдан бөлек, цифрлық теңгемен жұмыс істейтін барлық сервисте рұқсатсыз қол жеткізуді және кибершабуылдарды болдырмауға бағытталған қосымша қауіпсіздік шаралары қолданылады.

Ұлттық банк мамандары жүйені үздіксіз бақылап, ықтимал қауіптерді дер кезінде анықтау және оларға жедел әрекет ету жұмыстарын тұрақты жүргізетінін атап өтті.

«Осылайша, цифрлық теңге платформасының қорғаныс жүйесі жан-жақты әрі көпдеңгейлі болып құрылған. Бұл әр кезеңде пайдаланушылар мен деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – делінген Ұлттық банк жауабында.

Еске салайық, цифрлық теңге Қазақстанда 2026 жылғы 18 шілдеден бастап ресми түрде қолданысқа енгізіледі.

Ілмек: КиберқауіпсіздікҚР Ұлттық банкіЦифрлық теңге
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
Биржада доллар тағы қымбаттады

Биржада доллар тағы қымбаттады

Ұсынамыз

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

05.09.2026
18-35 жас аралығындағы жазушыларға жаңа мүмкіндік ұсынылды

18-35 жас аралығындағы жазушыларға жаңа мүмкіндік ұсынылды

16.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.