AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстанда жаңғыртудан өткен 30 теміржол вокзалы пайдалануға берілді

02.07.2026
Санаты: Қоғам
Қазақстанда жаңғыртудан өткен 30 теміржол вокзалы пайдалануға берілді

ADYM.KZ / Қазақстанның бірқатар өңірінде ауқымды жаңғырту жұмыстарынан өткен 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысаны пайдалануға берілді. Жоба Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылды.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл – соңғы жылдардағы теміржол вокзалдарын жаңартуға бағытталған ең ірі жобалардың бірі. Реконструкция нәтижесінде жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы жақсарып, қауіпсіздік пен жайлылық деңгейі артты. Сонымен қатар вокзалдардың өткізу қабілеті ұлғайып, теміржол қызметкерлеріне заманауи еңбек жағдайы жасалды.

Жаңғырту барысында вокзал ғимараттарының қасбеттері мен шатырлары жөнделіп, энергия үнемдейтін витраждар орнатылды. Сондай-ақ жылу, сумен жабдықтау, желдету, ауаны баптау, өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйелері толық жаңартылды. Құрылыс кезінде негізінен отандық өндірістің материалдары пайдаланылған.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Вокзалдарда пандустар, лифтілер, бейімделген кіреберістер мен санитарлық бөлмелер, тактильді жолақтар және арнайы касса аймақтары жасақталды. Нысандардың ерекшелігіне қарай ана мен бала бөлмелері, медициналық пункттер, сақтау камералары ашылып, жолаушылар ағынын тиімді ұйымдастыру үшін ішкі жоспарлау қайта қаралды.

Кешенді жаңғырту вокзал ғимараттарымен шектелмей, жолаушылар платформаларын, вокзал маңындағы аумақтарды және инженерлік инфрақұрылымды да қамтыды. Барлық нысан заманауи қауіпсіздік талаптары мен санитарлық нормаларға сәйкестендірілді.

Министрліктің мәліметінше, елдегі теміржол вокзалдарының басым бөлігі өткен ғасырдың 1950–1970 жылдары салынған. Кейбір ғимараттардың пайдаланылып келе жатқанына 80–100 жылдан асқан. Ал вокзалдардың шамамен 70 пайызы ондаған жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген.

Жаңғыртудан кейін пайдалануға берілген вокзалдар:

Абай облысы: Ауыл, Белағаш;
Ақмола облысы: Курорт-Бурабай, Шортанды, Макинка, Ақкөл;
Атырау облысы: Ганюшкино, Аққыстау;
Батыс Қазақстан облысы: Семиглавый Мар, Қазақстан, Шыңғырлау;
Қарағанды облысы: Қарағанды-Сортировочная, Жаңа Қарағанды, Нұра (сондай-ақ Қарағанды-Сортировочная станциясының жолаушылар платформасы);
Қостанай облысы: Аманқарағай, Құсмұрын;
Қызылорда облысы: Жаңақорған, Қазалы, Шиелі (сонымен қатар Талап станциясының платформасы);
Алматы облысы: Қонаев, Шамалған;
Жетісу облысы: Талдықорған;
Солтүстік Қазақстан облысы: Тайынша, Жаңаесіл, Саумалкөл;
Шығыс Қазақстан облысы: Риддер, Шемонаиха;
Павлодар облысы: Бозшакөл платформасы.

Көлік министрлігі алдағы уақытта да еліміздің барлық өңірінде жолаушылар инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жалғастырып, тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы қызмет көрсету сапасын арттыруды жоспарлап отыр.

Ілмек: Көлік инфрақұрылымыТеміржол
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Биыл Астанада Энрике Иглесиас, Дима Билан және Мари Краймбрери концерт береді

Биыл Астанада Энрике Иглесиас, Дима Билан және Мари Краймбрери концерт береді

Ұсынамыз

Шымкентте жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламалары түсіндірілді

Шымкентте жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламалары түсіндірілді

02.10.2026
 Қазақстанда бизнес бастауға 1,7 млн теңге грант кімдерге беріледі?

 Қазақстанда бизнес бастауға 1,7 млн теңге грант кімдерге беріледі?

08.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.