AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

E-Nazar цифрлық жүйесі арқылы әскердегі психологиялық тестілеу енді 10–15 минутта аяқталады

29.06.2026
Санаты: Басты, Қоғам
E-Nazar цифрлық жүйесі арқылы әскердегі психологиялық тестілеу енді 10–15 минутта аяқталады

ADYM.KZ / Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында әскери қызметшілерді психологиялық сүйемелдеуге арналған E-Nazar цифрлық жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде. Жаңа платформа психологиялық тестілеуді автоматтандырып, нәтижелерді өңдеу уақытын бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік береді.

Ұлттық ұланның мәліметінше, бұрын психологиялық қорытындыны әзірлеуге шамамен екі сағат қажет болса, енді бұл процесс небәрі 10–15 минутта аяқталады. Сонымен қатар қағаз құжат айналымы 80 пайызға қысқарып, психолог мамандардың жалпы жұмыс уақыты шамамен 2000 сағатқа үнемделген.

E-Nazar жүйесі психологиялық тестілеуді өткізу, нәтижелерді автоматты түрде өңдеу және аналитикалық мәліметтерді қалыптастыру үдерістерін бір орталықтан басқаруға мүмкіндік береді. Платформа мерзімді әскери қызметшілерге, келісімшарт негізінде қызмет атқаратын әскери қызметкерлерге және офицерлік құрамға арналған.

Жүйенің басты артықшылықтарының қатарында дербес мәліметтердің жоғары деңгейде қорғалуы, ақпаратты өңдеу жылдамдығының артуы, қағазбастылықтың азаюы және психологтардың жұмыс жүктемесінің жеңілдеуі бар.

Жобаның ерекшелігі – оның электрондық психологиялық әдістемелерін Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, ефрейтор Ким Хён У мен қатардағы Берікжан Бектұрсынов аға офицерлердің жетекшілігімен әзірлеген. Олар жасаған бағдарламалық өнім патенттеліп, оның жаңашылдығы мен тәжірибелік маңызы расталған.

E-Nazar жүйесі елордадағы №5573 әскери бөлімінде сынақтан сәтті өтіп, тиімділігін дәлелдеді. Енді жоба Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының барлық әскери бөлімдерінде психологиялық мониторинг жүргізудің бірыңғай цифрлық құралы ретінде енгізілмек.

Ілмек: E-Nazar цифрлық жүйесіӘскери қызметшіҰлттық ұлан
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Келесі
Жаңа Конституцияның арнайы басылымы шығармашылық және ғылыми қауымға ұсынылды

Жаңа Конституцияның арнайы басылымы шығармашылық және ғылыми қауымға ұсынылды

Ұсынамыз

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

31.08.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияның әлем чемпиондығын жоғары бағалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияның әлем чемпиондығын жоғары бағалады

20.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.