AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Президент қол қойған заң: Мәслихаттардың өкілеттігі кеңейді

15.07.2026
Санаты: Басты, Саясат
Президент қол қойған заң: Мәслихаттардың өкілеттігі кеңейді

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы «Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Құжат 2026 жылғы 26 шілдеден бастап күшіне енеді.

Заңға сәйкес, алғаш рет мәслихат аппараты басшысының құзыретін айқындайтын жеке бап енгізілді. Енді аппарат басшысы мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастырып, үйлестіреді және бақылайды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілерді тағайындау және қызметтен босату, тәртіптік және конкурстық комиссиялардың жұмысын үйлестіру, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу, оқыту, іссапарға жіберу және тәртіптік жауапкершілік мәселелерін қарайды.

Сонымен қатар аппарат басшысы мәслихат сессиялары мен тұрақты және уақытша комиссиялардың отырыстарын ұйымдастырып, мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеуге, депутаттардың біліктілігін арттыру іс-шараларын ұйымдастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге жауапты болады.

Жаңа заңмен мәслихаттардың өкілеттігі де кеңейтілді. Енді депутаттар:

  • әкімдердің халықпен кездесулерінде көтерілген мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарларының орындалуын қарай алады;
  • бюджеттік комиссиялардың жұмысына қатысады;
  • елді мекендерді санитарлық тазарту қағидаларын бекітеді;
  • тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелеріне тәртіптік жаза қолдану мәселесін қарайды.

Бұдан бөлек, заң депутаттық сауалдарды қарау мерзімін 30 күннен 15 күнге дейін қысқартады. Сондай-ақ жергілікті қоғамдастық жиналыстарының өкілеттігі кеңейтілді.

Құжатта мәслихат төрағаларына қатысты жаңа шектеу де қарастырылған. Енді бір адам облыстық, аудандық, республикалық маңызы бар қала немесе Астана мәслихатының төрағасы қызметін қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Парламент мәслихат депутаттарына бюджетке түзетулер енгізу құқығын беретін заң жобасын да мақұлдаған болатын.

 

Ілмек: ЗаңМәслихатМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Тоқаев CATL компаниясының Қазақстанда аккумулятор зауытын салу бастамасын қолдады

Тоқаев CATL компаниясының Қазақстанда аккумулятор зауытын салу бастамасын қолдады

Ұсынамыз

Ресейде Roblox сервисіне қойылған тыйым алынды

Ресейде Roblox сервисіне қойылған тыйым алынды

11.06.2026
Еліміздің үздік 10 қолөнер шебері балаларға ұлттық өнерді үйретеді

Еліміздің үздік 10 қолөнер шебері балаларға ұлттық өнерді үйретеді

06.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.