AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Бір маусымда қазақстандық театрлар 16 мыңнан астам спектакль қойды

14.07.2026
Санаты: Мәдениет
Бір маусымда қазақстандық театрлар 16 мыңнан астам спектакль қойды

ADYM.KZ /  Қазақстанда 2025–2026 жылғы театр маусымы табысты аяқталды. Бір маусым ішінде ел театрлары 16 мыңнан астам спектакль ұсынып, көрермен назарына 410 жаңа қойылымды шығарды. Жалпы театрларға 2 832 835 адам келді.

Мәдениет саласындағы маңызды жетістіктердің бірі – театр репертуарының мазмұндық және жанрлық тұрғыдан кеңеюі болды. Маусымның ең елеулі премьералары қатарында «Астана Опера» театрындағы «Қыпшақ қызы Аппақ» операсы, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрындағы «Ұлы Жібек жолы» балеті, «Астана Балет» театрындағы «Кармина Бурана» балет-кантатасы, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында сахналанған Әбіш Кекілбаевтың «Күй» драмасы және Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрындағы «Господа Головлевы» спектаклі бар.

Театр ұжымдары маусым бойы ел ішінде де, шетелде де белсенді гастрольдік сапарлар жасады. Осы кезеңде 539 гастроль ұйымдастырылып, қазақстандық театрлар 191 халықаралық және республикалық фестивальге қатысты. Бұл театр өнерінің кең аудиторияға жол тартып, шығармашылық ұжымдардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.

Қазақстандық театрлар халықаралық байқауларда да жоғары нәтижелер көрсетті. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Бішкекте өткен «ART-ORDO» халықаралық театр фестивалінде «Ұлпан» спектаклімен Гран-при иеленіп, бұдан бөлек төрт аталым бойынша марапатқа ие болды.

Сонымен қатар «Астана Опера» театрының El Voice вокалдық тобы Ставропольде өткен «Солдатский конверт» халықаралық байқау-фестивалінде Гран-при жеңіп алды. Ал театрдың скрипкашысы Бағдат Әбілханов Қытайдың Далянь қаласында өткен GRAND ART EXPRESS-CHINA халықаралық орындаушылық өнер байқауында І орынға ие болды.

Өткен театр маусымының қорытындысы қазақстандық театр өнерінің шығармашылық әлеуеті артып, халықаралық деңгейдегі беделі нығайып келе жатқанын көрсетті.

Ілмек: «Астана Опера»І орынМәдениетТеатр
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Елімізде үш күнде 139 заңсыз жолаушы тасымалдау фактісі тіркелді

Елімізде үш күнде 139 заңсыз жолаушы тасымалдау фактісі тіркелді

Ұсынамыз

OpenAI’s Latest AGI Model Demonstrates Advanced Reasoning

28.03.2026
Қазақстан мен Грузия стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан мен Грузия стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады

29.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.