ADYM.KZ / Қазақстанның дзюдо құрамасы Тайбэйде өткен Азия кубогында сәтті өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді.
Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметінше, жарысқа Азияның 23 елінен 200-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы жарысты 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медальмен қорытындылады.
Ел қоржынына алтын жүлдені Мәди Жеткерген (-73 кг) мен Санжар Жаббаров (+100 кг) салды.
Күміс медальді Мейірбек Байзақов (-66 кг) пен Айшабибі Мұрадимова (-52 кг) жеңіп алды.
Ал қола жүлдеге Асылхан Зинуллин (-60 кг), Нұрсұлтан Зайзағалиев (-66 кг), Мәди Еділбаев (+100 кг) және Аяна Дүйсенбай (-48 кг) ие болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия кубогын жалпыкомандалық медаль кестесінде үздік үштіктің қатарында аяқтады.








