ADYM.KZ / 12 шілдеден бастап Қазақстанда қаржы және төлем ұйымдары үшін биометриялық аутентификация жүргізудің жаңа ережелері қолданысқа енгізіледі.
Жаңа тәртіпке сәйкес, тұлғаны сәйкестендіру бет-әлпет бейнесі арқылы жүзеге асырылады. Алаяқтардың өзге адамның фотосы немесе бейнесін пайдалануына жол бермеу мақсатында жүйе пайдаланушыға кемінде үш кездейсоқ әрекетті орындауды ұсынады. Аталған әрекеттердің дұрыс орындалғаны арнайы тексеруден өтеді.
Егер пайдаланушы үш әрекеттен кейін де тексеруден өте алмаса, биометриялық аутентификация сәтсіз өтті деп есептеледі.
Сонымен қатар, жаңа ережелерде биометриялық деректерді жинау, сақтау, қорғау және пайдалану тәртібіне қойылатын талаптар да нақтыланған. Бұл өзгерістер қаржы қызметтерінің қауіпсіздігін арттыруға және азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтуге бағытталған.








