AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Индонезияда никельді қалдықсыз өңдейтін жаңа технология әдісімен таныстырды

11.07.2026
Санаты: Технология
Индонезияда никельді қалдықсыз өңдейтін жаңа технология әдісімен таныстырды

ADYM.KZ / Индонезияның Ұлттық зерттеу және инновация агенттігі (BRIN) никель кенін өңдеудің жаңа технологиясын әзірледі. Жаңа әдіс өндіріс қалдықтарындағы құнды компоненттердің 98 пайызға дейінін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

БРИКС TV-дің Вьетнам жаңалықтар агенттігіне (VNA) сілтеме жасап хабарлауынша, технологияның басты ерекшелігі – никель кенінің екі негізгі түрі – сапролит пен лимонитті бір технологиялық процесте қатар өңдей алуы. Бұған дейін бұл кен түрлері жеке-жеке өңделіп келген.

Жаңа әзірлеме жетілдірілген Карон процесіне негізделген. Бұл тәсіл дәстүрлі жоғары температуралы балқыту әдісімен салыстырғанда энергия шығынын азайтып, никель мен өзге де пайдалы компоненттерді тиімді алуға мүмкіндік береді.

Технология никельден бөлек темір мен магний өндіруге де жол ашады. Бұл металдар жоғары қосылған құны бар өнімдер шығаруда қолданылуы мүмкін.

Жоба жетекшісі Иван Сетияванның айтуынша, жаңа шешімнің негізгі мақсаты – табиғи ресурстарды барынша тиімді пайдалану және өндірістік қалдықтардың көлемін азайту.

«Біздің мақсатымыз – құнды ресурстарды ысырап етпеу. Никель, темір және магний сұранысқа ие өнімдерге айналады, ал өндіріс қалдықтары едәуір қысқарады», – деді ол.

Технология зертханалық сынақтан сәтті өтіп, пилоттық қондырғыда 10-100 келі аралығындағы никель кені өңделді. Сынақ нәтижелері әзірлеменің техникалық тұрғыдан тиімді екенін көрсетті.

Енді мамандар технологияның экономикалық тиімділігін бағалап, оны өнеркәсіптік деңгейде енгізуге арналған пилоттық зауыт салуды жоспарлап отыр.

 

Ілмек: 98%ИнновацияТехнология
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық корпус құрамына өзгерістер енгізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық корпус құрамына өзгерістер енгізді

Ұсынамыз

Жетісайда бір аптада 200 тоннадан астам қарбыз жиналды

Жетісайда бір аптада 200 тоннадан астам қарбыз жиналды

29.05.2026
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияға құжат қабылдау басталды

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияға құжат қабылдау басталды

01.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.