AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Енді тұрғын үйден сот шешімінсіз шығаруға болмайды. Жаңа талаптармен,қандай өзгерістер бар

10.07.2026
Санаты: Қоғам
Енді тұрғын үйден сот шешімінсіз шығаруға болмайды. Жаңа талаптармен,қандай өзгерістер бар

ADYM.KZ / Биыл 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституция тұрғын үйге қол сұқпаушылық пен жеке меншік құқығын қорғауды күшейтетін жаңа нормаларды бекітті. Енді ешкімді баспанасынан шығару немесе мүлкін сот шешімінсіз тартып алу мүмкін емес.

Жаңа талап тек тұрғын үй иелеріне ғана емес, тұрғын үйді заңды негізде пайдаланып жүрген азаматтарға, соның ішінде жалға алушыларға да қатысты.

Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Виталий Шалаевтың пікірінше, бұл өзгерістер жалға беру нарығын түбегейлі өзгертпегенімен, тараптарды құқықтық тұрғыдан сауатты әрекет етуге ынталандырады.

Оның айтуынша, бұдан былай ауызша келісімнің орнына заң талаптарына сай рәсімделген жалдау шартының маңызы арта түседі. Келісімшартта тараптардың құқықтары мен міндеттері, шартты бұзу тәртібі және тұрғын үйді босату талаптары нақты көрсетілсе, дау-дамайдың алдын алуға мүмкіндік көбейеді.

Сонымен бірге сарапшы жаңа норманы іс жүзінде қолдануға қатысты кейбір мәселелердің әзірге толық айқындалмағанын атап өтті. Атап айтқанда, егер жалға алушы келісімшарт талаптарын бұзып, тұрғын үйді өз еркімен босатудан бас тартса, меншік иесінің міндетті түрде сотқа жүгінуі қажет пе деген сұраққа сот тәжірибесі жауап береді.

Виталий Шалаевтың сөзінше, қабылданған өзгерістер жалға беру нарығын ашық әрі құқықтық тұрғыдан реттелген жүйеге көшіруге ықпал етеді. Бұл ретте заң талаптарына сай жасалған келісімшарттар тараптардың құқықтарын тиімді қорғаудың негізгі құралына айналады.

Сарапшының пікірінше, жаңа конституциялық норма жалға беру саласымен ғана шектелмейді. Ол жеке меншік құқығын да күшейтіп, азаматтардың мүлкін сот шешімінсіз тартып алуға жол бермейтін қосымша құқықтық кепілдік қалыптастырады.

 

Ілмек: Жаңа талапЖылжымайтын мүлікПәтер
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Мүгедектігі бар жолаушылар үшін пойыз билетін алу тәртібі жеңілдетілді

Мүгедектігі бар жолаушылар үшін пойыз билетін алу тәртібі жеңілдетілді

Ұсынамыз

Жастар арасында этносаясат пен діни сауаттылық мәселелері талқыланды

Жастар арасында этносаясат пен діни сауаттылық мәселелері талқыланды

25.09.2026
Дастан Сәтпаевтың джерсиі Будапешт төрінде УЕФА көрмесіне қойылды

Дастан Сәтпаевтың джерсиі Будапешт төрінде УЕФА көрмесіне қойылды

29.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.