AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Түркістан облысында агродрондар шығаратын зауыт іске қосылды

03.06.2026
Санаты: Аймақ
Түркістан облысында агродрондар шығаратын зауыт іске қосылды

ADYM.KZ / Түркістан облысында отандық ауыл шаруашылығы үшін маңызды өндіріс ошағы жұмысын бастады. Өңірде заманауи агродрондарды (ұшқышсыз ұшу аппараттарын) құрастыратын жаңа зауыт іске қосылды.

Ірі жобаны «Avatar Agricultural Technology Development» серіктестігі қолға алып, сәтті жүзеге асырды.

Жаңа кәсіпорын заманауи технологиялармен жабдықталған және еліміздің агросекторын отандық өніммен қамтуды көздейді.

Зауыт жылына 500 дана ұшқышсыз ұшу аппаратын шығаруға қауқарлы. Бір агродрон 70 литрге дейін жұмыс сұйықтығын (тыңайтқыштар мен дәрілік заттарды) көтере алады. Бір рет ұшқанда 5 гектарға дейінгі егіс алқабын толық қамтып, бүрку жұмыстарын жоғары дәлдікпен орындайды.

Ауыл шаруашылығында ұшқышсыз аппараттарды қолдану отандық тауар өндірушілерге lәрілік заттар мен суды үнемді әрі тең деңгейде шашуға мүмкіндік тудырады. Алқаптарды өңдеу жылдамдығы бірнеше есе артады. Жұмыс істеу процесі автоматтандырылып, адам факторы мен зиянды заттардың әсері азаяды.

Жаңа отандық өнімге деген сұраныс қазірдің өзінде жоғары. Кәсіпорын іске қосыла салысымен, агродрондарды сатып алуға 20 тапсырыс қабылдап үлгерген.

«Avatar Agricultural Technology Development» компаниясы алдағы уақытта өнім түрлерін айтарлықтай кеңейтуді көздеп отыр.

Келесі жылдан бастап зауыт тек ауыл шаруашылығы емес, өрт сөндіруге және жүк тасымалдауға арналған арнайы ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығаруды игеруді жоспарлауда.

Түркістан облысында басталған бұл жоба Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға және инновациялық технологияларды енгізуге жасалған үлкен қадам болып табылады.

Ілмек: АгродронАуыл шаруашылығыТүркістан облысы
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Баку-Тбилиси-Карс теміржолының өткізу қабілеті 5 миллион тоннаға жетті

Баку-Тбилиси-Карс теміржолының өткізу қабілеті 5 миллион тоннаға жетті

Ұсынамыз

Президент Франция халқына Бастилияны алу күніне орай ізгі тілегін жолдады

Президент Франция халқына Бастилияны алу күніне орай ізгі тілегін жолдады

14.07.2026
Шымкентте жастар қауіпсіздігі мен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Шымкентте жастар қауіпсіздігі мен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

27.08.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.