AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Рамазан Каримовтың голы: «Астана» Албанияда жеңіске жетті

10.07.2026
Санаты: Спорт
Рамазан Каримовтың голы: «Астана» Албанияда жеңіске жетті

ADYM.KZ / Қазақстанның «Астана» футбол клубы UEFA Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта сырт алаңда Албанияның «Динамо Сити» командасын 1:0 есебімен жеңді.

Кездесу барысында қос команда да шабуылға жиі шығып, есеп ашуға ұмтылды. Алайда алғашқы таймда қақпаларға гол соғылған жоқ.

Екінші таймда қазақстандық клуб ойын тізгінін өз қолына алып, қауіпті шабуылдарды жиілетті. Матчтың 69-минутында Марио Томасовтың нәтижелі пасынан кейін Рамазан Каримов мергендік танытып, ойынның жалғыз голын соқты.

Осылайша, «Астана» екі матчтық текетірестің алғашқы ойынында жеңіске жетіп, келесі кезеңге өту жолында маңызды басымдыққа ие болды.

Қарымта кездесу 16 шілдеде Астанада өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның тағы бір өкілі – семейлік «Елімай» Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Арменияның «Алашкерт» клубымен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті.

Ал алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуінде Черногорияның «Сутьеска» командасын 2:1 есебімен жеңген еді. Сонымен қатар Қостанайдың «Тобылы» Конференция лигасындағы жорығын екінші іріктеу кезеңінен бастап, Литваның «Паневежис» клубымен кездеседі.

Ілмек: «Астана» футбол клубы1:0UEFA Конференция
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды

Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Астана 2028 жылғы УЕФА Суперкубогының матчына қожайындық етеді. УЕФА Атқару комитеті Қазақстан астанасын беделді футбол бәсекесін өткізу орны ретінде бекітті. Матч «Астана Арена» стадионында өтеді. УЕФА-ның...

«Ол қазір жан-жақты теннисшіге айналды»: әлемдік БАҚ Рыбакинаның жаңа деңгейін бағалады

«Ол қазір жан-жақты теннисшіге айналды»: әлемдік БАҚ Рыбакинаның жаңа деңгейін бағалады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турниріндегі жеңісінен кейін әлемдік теннистің жаңа көшбасшысына айналды. Нью-Йорктегі финалда Арина Соболенконы жеңген спортшы мансабында алғаш рет WTA рейтингінде бірінші...

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Астана қаласының спортшысы Биғали Зкрияев мангала жарысының ерлер арасындағы командалық сынында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. Мангала...

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы жарысты бір алтын медальмен қорытындылады. 81 келіге дейінгі салмақта белдескен Абылайхан Жұбаназар финалға дейін...

Келесі
Ернұр Мырзахмет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ернұр Мырзахмет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ұсынамыз

OpenAI’s Latest AGI Model Demonstrates Advanced Reasoning

28.03.2026
Шымкентте жас отбасылардың білім-білімі сыналған «ОТАУ IQ» сайысы өтті

Шымкентте жас отбасылардың білім-білімі сыналған «ОТАУ IQ» сайысы өтті

13.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.