AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Алматыда Джеки Чан қатысатын халықаралық фильмнің түсірілімі ресми басталды

09.07.2026
Санаты: Мәдениет
Алматыда Джеки Чан қатысатын халықаралық фильмнің түсірілімі ресми басталды

ADYM.KZ / Алматыда әлемге танымал актер Джеки Чан қатысатын Armour of God: Ultimatum («Доспехи бога: Ультиматум») халықаралық көркем фильмінің түсірілімін бастауға арналған ресми салтанат өтті.

Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ отандық және шетелдік киноиндустрия өкілдері қатысты.

Аида Балаева Джеки Чанның Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, актерді жаңа жобаның басталуымен құттықтады.

– Қазақстан мәдениетін әлемдік деңгейде танытуға және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға қосып отырған үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Алдағы түсірілім жұмыстарына сәттілік пен жаңа шығармашылық табыстар тілеймін, – деді министр.

Сапар аясында Джеки Чан Алматыдағы жас суретшілермен және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері – жас кинематографистермен кездесті. Ол жастарға шығармашылық ізденістен таймауға кеңес беріп, өз ісіне деген сүйіспеншілік пен табандылықтың маңызын атап өтті. Кездесу соңында балалар актерге өздері салған портреттерін сыйға тартты.

Салтанатты рәсімнің соңында қатысушылар дәстүрлі кинотүсірілім тақтайшасымен естелік суретке түсіп, фильм өндірісінің ресми басталғанын жариялады.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қытайдың мемлекеттік China Film Group Corporation компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Фильмді қазақстандық Sәlem Entertainment пен гонконгтік Billion Target компаниялары бірлесіп өндіреді.

Түсірілім жұмыстары 2026 жылдың шілде-қазан айлары аралығында Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау облыстарында өтеді. Фильмнің қоюшы режиссері – қазақстандық Роберт Кун.

Министрліктің мәліметінше, халықаралық прокатқа арналған бұл жоба Қазақстанның мәдени және туристік әлеуетін танытуға, кинотуризмді дамытуға, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуге және елді ірі халықаралық киножобаларды түсіруге қолайлы алаң ретінде ілгерілетуге ықпал етеді.

Ілмек: Джеки ЧанКино индустриясыМәдениет
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2,3 есеге артты

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2,3 есеге артты

Ұсынамыз

Лаос Президенті Тхонглун Сисулит Қазақстанға ресми сапармен келді

Лаос Президенті Тхонглун Сисулит Қазақстанға ресми сапармен келді

03.09.2026
Президенттің тапсырмасы бойынша Шымкентте әлеуметтік инфрақұрылым кеңейтілуде

Президенттің тапсырмасы бойынша Шымкентте әлеуметтік инфрақұрылым кеңейтілуде

29.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.