AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Сайлау қарсаңында қоғамдық пікірді зерттейтін ұйымдардың тізімі белгілі болды

09.07.2026
Санаты: Қоғам
Сайлау қарсаңында қоғамдық пікірді зерттейтін ұйымдардың тізімі белгілі болды

ADYM.KZ / Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы бес заңды тұлғадан хабарлама түскенін мәлімдеді.

Комиссияның хабарлауынша, аталған ұйымдар заң талаптарына сәйкес қажетті құжаттардың көшірмелерін ұсынып, қоғамдық пікірді зерттеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат алған.

Сауалнама жүргізетін ұйымдар мыналар:

«Еуразиялық интеграция институты» ЖШС – жаппай сауалнама, фокус-топтық пікірталас, сараптамалық сауалнама, жедел сауалнама және exit poll әдістерін қолданады;

«DATAMETRICS» ЖШС – бетпе-бет (face-to-face) сұхбат жүргізеді;

«Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі – бетпе-бет, телефон және интернет арқылы сауалнама жүргізіп, exit poll ұйымдастырады;

«Институт комплексных социальных исследований – Астана» жеке қоры – дауыс беру орындарынан тыс сауалнама, үздіксіз ағын әдісімен exit poll, жеке сұхбат және онлайн сауалнама өткізеді;

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ – бетпе-бет және телефон арқылы сауалнама жүргізіп, exit poll ұйымдастырады.

ОСК сайлау туралы заңнамаға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар қоғамдық пікір сауалдарының нәтижелерін жариялау кезінде зерттеуді жүргізген ұйымды, тапсырыс берушіні, сауалнама өткізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, респонденттер санын және ықтимал қателік деңгейін көрсетуге міндетті екенін еске салды.

Сонымен қатар сайлау алдындағы соңғы бес күнде және дауыс беру күні қоғамдық пікір сауалдарының нәтижелерін, сондай-ақ сайлау қорытындысына қатысты болжамдарды жариялауға тыйым салынады. Дауыс беру күні сайлау учаскелерінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге де жол берілмейді.

Комиссия бұл талаптарды бұзу қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейін Бас прокуратура да сайлау қарсаңында азаматтарға сайлау заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салған болатын.

 

Ілмек: ОСКСауалнама жүргізетін ұйымдар
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Алматыда Джеки Чан қатысатын халықаралық фильмнің түсірілімі ресми басталды

Алматыда Джеки Чан қатысатын халықаралық фильмнің түсірілімі ресми басталды

Ұсынамыз

Шымкент жастары «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының негізгі идеяларын талқылады

Шымкент жастары «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының негізгі идеяларын талқылады

16.09.2026
Тарихи рекорд: Абдуқодир Хусанов — Азияның ең қымбат футболшысы

Тарихи рекорд: Абдуқодир Хусанов — Азияның ең қымбат футболшысы

05.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.