AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстан Еуропамен ғылым және жасанды интеллект саласындағы әріптестікті күшейтеді

23.06.2026
Санаты: Технология
Қазақстан Еуропамен ғылым және жасанды интеллект саласындағы әріптестікті күшейтеді

ADYM.KZ / Қазақстан Еуропалық одақпен ғылым, инновация, технологиялық кәсіпкерлік және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгияға ресми сапары аясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Еуропалық комиссияның Зерттеулер және инновациялар жөніндегі бас дирекциясы бас директорының орынбасары Мария Кристина Руссомен және Еуропалық инновациялар кеңесінің төрағасы Михил Схеффермен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар ғылыми зерттеулер, инновациялар және технологиялық кәсіпкерлік салаларындағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады. Әсіресе Қазақстанның Еуропалық одақтың ірі ғылыми-зерттеу және инновациялық бағдарламасы – Horizon Europe бағдарламасына қауымдасу үдерісіне ерекше назар аударылды.

Министрліктің мәліметінше, бұл қадам қазақстандық жоғары оқу орындарына, ғылыми ұйымдар мен технологиялық компанияларға еуропалық зерттеу консорциумдарына қатысуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және Еуропалық зерттеу кеңістігімен ықпалдастықты арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесулерде deep-tech бағыттарын дамыту, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, стартаптарды қолдау, сондай-ақ ғылым мен өнеркәсіп салаларында жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелері де көтерілді. Бұдан бөлек, еуропалық серіктестермен бірлескен инновациялық бастамаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Министрлік бұл кездесулерді Қазақстанның Horizon Europe бағдарламасына қауымдасу бастамасын ілгерілетудегі және Еуропалық одақпен инновациялық ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды кезең деп бағалады.

Ведомствоның мәлімдеуінше, Қазақстан жекелеген ғылыми жобаларға қатысумен шектелмей, отандық университеттерді, ғылыми-зерттеу ұйымдарын, стартаптар мен технологиялық компанияларды еуропалық зерттеулер, инновациялар және deep-tech экожүйесіне толыққанды кіріктіруді мақсат етеді.

Осы бағытта Еуропалық комиссиямен және Еуропалық инновациялар кеңесімен практикалық ынтымақтастықты дамыту басым міндеттердің бірі болмақ.

Ілмек: БельгияЖасанды интеллектҚазақстан
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
Парламенттің бірлескен отырысының өтетін күні белгілі болды

Парламенттің бірлескен отырысының өтетін күні белгілі болды

Ұсынамыз

Үлкен Алматы айналма жолына кешенді диагностика жүргізілуде

Үлкен Алматы айналма жолына кешенді диагностика жүргізілуде

11.06.2026
«Темірлан» фильмі Орталық Азия киносын әлемдік деңгейге шығара алды ма?

«Темірлан» фильмі Орталық Азия киносын әлемдік деңгейге шығара алды ма?

02.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.