AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстан экономикасына 31,5 трлн теңге инвестиция тарту міндеті қойылды

01.07.2026
Санаты: Экономика
Қазақстан экономикасына 31,5 трлн теңге инвестиция тарту міндеті қойылды
ADYM.KZ / Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметке биыл Қазақстан экономикасына 25,5 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тарту міндетін қойды. Сондай-ақ негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін 31,5 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елдің инвестициялық ахуалын жақсарту және экономиканың басым секторларында қосылған құнды арттыратын ірі жобаларды іске асыру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

«Осы тұрғыда әрбір министр мен әкімнің алдына инвестиция тарту бойынша нақты индикаторлар мен міндеттер қойылды. Биыл 25,5 млрд доллар шетелдік инвестиция және негізгі капиталға 31,5 трлн теңге инвестиция тартуға тиіспіз», — деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет екенін айтып, Сыртқы істер министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша үйлестіруді тапсырды.

Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі Бас прокуратурамен бірге инвестициялық жобаларды қолдау және шетелдік инвесторлардың заңды құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруі тиіс екені айтылды.

Үкіметтің мәліметінше, аталған шаралар ел экономикасына тікелей инвестициялар көлемін ұлғайтуға және ірі жобаларды тиімді іске асыруға бағытталған.

Ілмек: ИнвестицияҚазақстан экономикасы
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Қаржы министрлігі Қытайдың капитал нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Облигациялар үш және бес жылдық екі траншпен шығарылды....

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Үкімет Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жобаның құны – 881 млрд теңге. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгіленді. Бұл...

Келесі
Ақтөбе облысында игерілмеген ауыл шаруашылығы жері сот шешімімен қайтарылды

Ақтөбе облысында игерілмеген ауыл шаруашылығы жері сот шешімімен қайтарылды

Ұсынамыз

Anthropic Launches Claude 3 With Human-Level Understanding

22.04.2026
Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

30.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.