AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

«Әділет» партиясы QR-код арқылы өтініш қабылдайтын жаңа цифрлық сервисті іске қосты

01.07.2026
Санаты: Саясат
«Әділет» партиясы QR-код арқылы өтініш қабылдайтын жаңа цифрлық сервисті іске қосты

ADYM.KZ / Қазақстандықтар енді «Әділет» партиясына бірнеше минут ішінде онлайн форматта өтініш жолдап, ұсыныс енгізіп, заң бұзушылық туралы хабарлап немесе партия қатарына қосыла алады. Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында партия өтінім қабылдаудың бірыңғай цифрлық сервисін іске қосты.

Жаңа платформаны «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелеріне арналған Іскерлік кеңес отырысында таныстырды.

Партия мәліметінше, цифрлық сервис қоғамдық қабылдаулар, жеке қабылдаулар және жазбаша өтініштермен қатар азаматтармен байланыс орнатудың қосымша тетігіне айналады. Платформаға партияның ресми сайты немесе бірыңғай QR-код арқылы кіруге болады.

Жаңа сервис арқылы азаматтар партияның саяси бағдарламасымен танысып, партия қатарына онлайн түрде қосыла алады. Сондай-ақ өтініш жолдап, түрлі бастамалар ұсынып, заң бұзушылықтар туралы хабарлап немесе көмек сұрауға мүмкіндік алады.

Өтінімдерді қарау үдерісін жеңілдету үшін барлық өтініш 26 бағыттан тұратын бірыңғай тақырыптық рубрикатор бойынша жүйеленген. Оның ішінде мемлекеттік басқару, цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, экономика, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, экология, ауыл шаруашылығы және азаматтардың құқықтарын қорғау секілді негізгі салалар қамтылған.

Айбек Дәдебайдың айтуынша, жаңа платформаның іске қосылуы Қазақстанның цифрлық трансформация бағытына толық сәйкес келеді. Оның сөзінше, цифрлық технологиялар мемлекеттік институттардың тиімділігін арттырып, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

Өтінім беру тәртібі барынша жеңілдетілген. Ол үшін пайдаланушы QR-кодты сканерлеуі немесе партияның ресми сайтына кіріп, қажетті сервисті таңдауы керек. Одан кейін eGov Mobile қосымшасы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен жеке басын растаған соң өтінім жолдай алады.

Жүйе өтінім тіркелгеннен кейін автоматты түрде бірегей тіркеу нөмірін береді. Қарау нәтижесі бойынша азаматқа көрсетілген байланыс деректері арқылы ресми жауап жіберіледі.

Партия өкілдерінің айтуынша, жаңа цифрлық сервис азаматтармен, бизнес қауымдастығымен және сарапшылармен тұрақты кері байланыс орнатуға, жүйелі мәселелерді анықтауға және заңнамалық әрі басқарушылық шешімдер әзірлеу кезінде қоғам ұсыныстарын ескеруге мүмкіндік береді.

Ілмек: Әділет партиясыЦифрлық сервис
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Qazaq AI Research University: елімізде жаңа ЖИ университеті іске қосылады

Qazaq AI Research University: елімізде жаңа ЖИ университеті іске қосылады

Ұсынамыз

Synthesia AI Brings AI Video Tools to More Enterprise Users

04.04.2026
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады

22.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.