AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қ.Тоқаев: Домбыра Қазақстанның әлемге танылатын ұлттық брендіне айналуы керек

01.07.2026
Санаты: Мәдениет
Қ.Тоқаев: Домбыра Қазақстанның әлемге танылатын ұлттық брендіне айналуы керек

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев домбыраның ұлттық мәдениетті сақтау мен ұлттың рухани болмысын нығайтудағы ерекше маңызын атап өтті. Бұл туралы Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде айтты.

Президенттің сөзінше, жаңашыл әрі жасампаз мемлекет қалыптастыру үшін ең алдымен ұлттық құндылықтарды, бай тарих пен мәдени мұраны сақтау қажет.

«Бірнеше күннен кейін бәріміз бір ел болып Ұлттық домбыра күнін атап өтеміз. Бұл – болмысымызды айшықтайтын, халқымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың рухын көтеретін ерекше мереке. Қадыр Мырза Әлінің “Нағыз қазақ – домбыра” деп жырлауы тегін емес. Домбыраны ұлықтау арқылы төл өнерімізді төрге оздырамыз. Домбыра қастерлі құндылығымыз ретінде Қазақстанды әлемге танытатын бірегей ұлттық брендке айналуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мәдениет саласын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық өнерді дамыту, музейлердің, театрлардың, кітапханалардың және концерттік ұйымдардың жұмысын қолдау, сондай-ақ қазақ мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттау жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.

Президент мәдениетті адами капиталды дамытудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде бағалады. Ол қазіргі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен адам әлеуетінің сапасына байланысты екенін айтты.

Осыған байланысты әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл ғылым мен білімге, мәдениетке, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қолдау салаларына 19 триллион теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл – республикалық бюджет шығыстарының жартысынан астамын құрайды.

Ілмек: ДомбыраҰлттық өнерді дамыту
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстандық баяншылар «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауында топ жарды

Қазақстандық баяншылар «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауында топ жарды

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада баяншылар мен аккордеоншылардың «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауы мәресіне жетті. Әлемнің 16 елінен келген 153 өнерпаз бақ сынаған байқауда қазақстандық музыканттар жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше...

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті Қытайдағы ірі кітап көрмесінде таныстырылды

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті Қытайдағы ірі кітап көрмесінде таныстырылды

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Қытайдың Гуанчжоу қаласында 30-шы рет ұйымдастырылып отырған Оңтүстік Қытай кітап көрмесі салтанатты түрде ашылды. Қытайдағы кітап және баспа ісі саласындағы ірі мәдени алаңдардың бірі саналатын халықаралық...

АҚШ Конгресінің делегациясы Қазақстанның креативті индустриясымен танысты

АҚШ Конгресінің делегациясы Қазақстанның креативті индустриясымен танысты

Автор: adym
26.08.2026
0

АҚШ Конгресінің делегациясы Астана қаласындағы Креативті индустрияларды дамыту қорына барып, Қазақстанда осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің...

Ханчжоуда Қазақстанның көшпелілер мәдениетіне арналған көрме ашылды

Ханчжоуда Қазақстанның көшпелілер мәдениетіне арналған көрме ашылды

Автор: adym
25.07.2026
0

ADYM.KZ / Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Чжэцзян провинциялық музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» атты халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат...

Келесі
Мемлекет басшысы  Құрылтай депутаттарының сайлауын 23 тамызға тағайындады

Мемлекет басшысы Құрылтай депутаттарының сайлауын 23 тамызға тағайындады

Ұсынамыз

Тоқаев Таиланд Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Тоқаев Таиланд Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

17.07.2026
Экс-шенеунік 19,4 млн доллар пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді

Экс-шенеунік 19,4 млн доллар пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді

24.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Путин сыйлаған төрт жолбарыс: Қазақстанға «Дала еркесінің» оралуы нені білдіреді?

    587 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • 2026–2027 оқу жылында оқушылар қандай жаңа курстарды оқиды?

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
  • Президент Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.