AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Бибісара Асаубаева: «Енді І дәрежелі «Барыс» орденін алсам, толық кавалер атанамын»

29.06.2026
Санаты: Спорт
Бибісара Асаубаева: «Енді І дәрежелі «Барыс» орденін алсам, толық кавалер атанамын»

ADYM.KZ / Қазақстандық танымал шахматшы, гроссмейстер Бибісара Асаубаева Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Мемлекеттік награданы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.

Салтанатты рәсімде Аида Балаева Бибісара Асаубаеваның қазақстандық шахматтың дамуына, зияткерлік спорт түрлерін жастар арасында кеңінен насихаттауға және еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыруға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.

Бибісара Асаубаева – Қазақстанның ең табысты шахматшыларының бірі. Ол блиц шахматынан үш дүркін әлем чемпионы атанып, осы жетістікке қол жеткізген ең жас шахматшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Сондай-ақ жуырда Норвегияда өткен беделді Norway Chess супертурнирінде жеңімпаз атанып, халықаралық деңгейдегі тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді.

Марапат алғаннан кейін шахматшы өзінің Telegram-арнасында ІІ дәрежелі «Барыс» орденін көптен күткенін айтып, қуанышымен бөлісті.

«Мен көптен күткен ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алдым. Бұған дейін ІІІ дәрежелі орденім болған. Енді І дәрежелі орденді алсам, осы награданың толық кавалері атанамын. Қараңыздаршы, қандай әдемі орден», – деді Бибісара Асаубаева.

Айта кетейік, ІІ дәрежелі «Барыс» ордені мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамдық және әлеуметтік-мәдени қызметке сіңірген ерекше еңбегі, сондай-ақ халықтар арасындағы ынтымақтастық пен мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін табысталады.

Ілмек: «Барыс» орденіБибісара Асаубаева
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды

Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Астана 2028 жылғы УЕФА Суперкубогының матчына қожайындық етеді. УЕФА Атқару комитеті Қазақстан астанасын беделді футбол бәсекесін өткізу орны ретінде бекітті. Матч «Астана Арена» стадионында өтеді. УЕФА-ның...

«Ол қазір жан-жақты теннисшіге айналды»: әлемдік БАҚ Рыбакинаның жаңа деңгейін бағалады

«Ол қазір жан-жақты теннисшіге айналды»: әлемдік БАҚ Рыбакинаның жаңа деңгейін бағалады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турниріндегі жеңісінен кейін әлемдік теннистің жаңа көшбасшысына айналды. Нью-Йорктегі финалда Арина Соболенконы жеңген спортшы мансабында алғаш рет WTA рейтингінде бірінші...

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Астана қаласының спортшысы Биғали Зкрияев мангала жарысының ерлер арасындағы командалық сынында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. Мангала...

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы жарысты бір алтын медальмен қорытындылады. 81 келіге дейінгі салмақта белдескен Абылайхан Жұбаназар финалға дейін...

Келесі
Қазақстандық Асу Алмабаев UFC-дің «Кештің үздік өнері» үшін 100 мың доллар алды

Қазақстандық Асу Алмабаев UFC-дің «Кештің үздік өнері» үшін 100 мың доллар алды

Ұсынамыз

Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығы арттырылды

Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығы арттырылды

03.10.2026
Қазақстан экономикасына 31,5 трлн теңге инвестиция тарту міндеті қойылды

Қазақстан экономикасына 31,5 трлн теңге инвестиция тарту міндеті қойылды

01.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.