AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Әділетті қоғамда зорлық-зомбылыққа жол берілмейді

25.11.2026
Санаты: Аймақ
Әділетті қоғамда зорлық-зомбылыққа жол берілмейді

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық науқаны аясында «Әйел – әйелге тірек» атты іс-шара өтті.

Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған жиынның негізгі мақсаты – әйелдердің құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда өзара құрмет пен қолдау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Іс-шараға Полиция департаментінің, аудан әкімдіктерінің, Отбасын қолдау орталығының өкілдері, Гендерлік комиссия мүшелері мен қала жастары қатысты. Кездесу барысында әйелдердің қоғамдағы орны, отбасындағы қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен қозғалды.

Бағдарлама мазмұнды қойылымдармен басталды. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттері «Алты тағдыр» атты театрландырылған көрініс ұсынып, әйел өміріндегі түрлі жағдайлар мен тағдырлар арқылы маңызды әлеуметтік мәселені көрермен назарына жеткізді. Ал, Саз колледжінің студенттері еркіндік, бірлік пен әйел күшін дәріптейтін «Еркіндік биі» қойылымын орындады.

Басқосуда «Әйел құқығы – қоғам құндылығы» тақырыбында арнайы пікір алмасу ұйымдастырылды. Оған полиция қызметкері, дәрігер, психолог, кәсіпкер және қоғам белсендісі қатысып, әр сала тұрғысынан әйелдердің құқықтары мен қауіпсіздігі, психологиялық қолдау көрсету, қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек беру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары туралы ойларын ортаға салды.

«Қазақстан Республикасы Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрайымы Баян Жандосова әйелдердің құқықтарын қорғау бағытындағы қоғамдық жұмыстың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бұл саладағы мәселелерді шешу үшін құқықтық тетіктерді жетілдірумен қатар, қоғамның белсенділігі мен өзара қолдауы да қажет.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесімен де көп жылдан бері айналысып келемін. Осы уақыт ішінде заңнамаға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Бұрын зорлық-зомбылық көрген әйел балаларын алып, үйінен кетуге мәжбүр болса, қазір заң аясында агрессорды оқшаулау тетіктері қарастырылған. Бұл – әйел мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Дегенмен, мәселені тек заңмен шешу жеткіліксіз. Әрбір әйел өз құқығын білуі, ал, қоғам зорлық-зомбылыққа бейжай қарамауы керек. Қоғамдық жұмыстың басты міндеті де – көпшіліктің үнін тиісті орындарға жеткізіп, нақты өзгерістерге ықпал ету, — деді Баян Айтбекқызы.

Іс-шара барысында Полиция департаментінің арнайы жасақ қызметкерлері сахналық қойылым ұсынып, қауіпсіздік пен құқық қорғау қызметінің маңызын көрсетті. Сондай-ақ, «Бірге біз күштіміз!» атты музыкалық композиция орындалып, қатысушылардың басын қосқан флешмоб ұйымдастырылды.

Жалпы, «Әйел – әйелге тірек» атты кездесу тек ақпарат алмасу алаңы ғана емес, қоғамдағы маңызды мәселеге ортақ назар аударуға бағытталған тағылымды басқосу болды. Өйткені, әйелдің қауіпсіздігі мен құқығын қорғау – бір ғана мекеменің немесе белгілі бір топтың міндеті емес, тұтас қоғамның жауапкершілігі. Бір-біріне қолдау білдіріп, қиындыққа тап болған жанға дер кезінде көмек көрсету арқылы ғана зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға болады.

Эльмира СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
«Шымкент келбеті»

Ілмек: Әділетті қоғамЖастарЗорлық-зомбылықШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған мыңдаған отбасы баспаналы болады

Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған мыңдаған отбасы баспаналы болады

Автор: adym
25.11.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту жұмысы қарқынды жүргізілуде. Қалада тұрғын үйге деген сұранысты азайту және әлеуметтік санаттағы азаматтардың баспана алу мүмкіндігін арттыру бағытында...

Шымкентте қалалық инфрақұрылымды цифрландыру жұмыстары кеңейтілуде

Шымкентте қалалық инфрақұрылымды цифрландыру жұмыстары кеңейтілуде

Автор: adym
24.11.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласында қалалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және мемлекеттік басқару процестерін автоматтандыру мақсатында цифрлық технологиялар енгізілуде. 2026 жылдың 11 айында білім беру,...

Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың «Шабыт шалқығанда» кітабының тұсауы кесілді

Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың «Шабыт шалқығанда» кітабының тұсауы кесілді

Автор: adym
24.11.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың «Шабыт шалқығанда» атты кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға ақынның жылдар бойы жинақталған шығармашылық мұрасы таныстырылды. Жаңа жинақта әр жылдары өткен айтыстарда айтылған...

Жастардың қатысуымен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар пысықталды

Жастардың қатысуымен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар пысықталды

Автор: adym
24.11.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласының Құрсай шағын ауданында «Қыс–2026» оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Іс-шараны Тұран ауданының төтенше жағдайлар қызметі мен Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесіп өткізді....

Ұсынамыз

Солтүстік Қазақстан облысында сайлауға 3 мыңнан астам комиссия мүшесі тартылады

Солтүстік Қазақстан облысында сайлауға 3 мыңнан астам комиссия мүшесі тартылады

21.07.2026
Шымкент жастары «Заң мен тәртіп» қағидатына сай есірткісіз қоғам құруға атсалысуда

Шымкент жастары «Заң мен тәртіп» қағидатына сай есірткісіз қоғам құруға атсалысуда

08.09.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
imunify-bot-check
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.