AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

«Шымкент веломарафоны» өтті

10.10.2026
Санаты: Аймақ
«Шымкент веломарафоны» өтті

ADYM.KZ / Шымкентте қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және велоспортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Шымкент веломарафоны» ұйымдастырылды. Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болған шараның ашылу салтанаты «Тәуелсіздік» саябағында өтті. Одан кейін 350-ге жуық қатысушы 20 шақырымдық қашықтықты бағындыру үшін Ипподромға қарай жолға шықты.

Биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған веломарафонға әртүрлі жастағы қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар арасында велоспорт әуесқойларымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын белсенді өткізуге ниетті азаматтар да болды. Шара қала тұрғындарына спортпен шұғылданудың маңызын насихаттап қана қоймай, ортақ мақсат аясында бас қосуға мүмкіндік берді.

Жарыстың ашылу салтанатында қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов қатысушыларға сәттілік тілеп, веломарафонның ауқымы жыл сайын кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ қалада велоспортты бұқаралық деңгейде дамытуға басымдық беріліп отырғанын жеткізді. Мұндай спорттық шаралар тұрғындардың дене белсенділігін арттырып, жастардың спортқа деген ынтасын оятуға ықпал етеді.

Жарысқа қатысқан жас велошабандоздардың бірі – 14 жастағы Арман Диасұлы. Оның айтуынша, ол «Шымкент веломарафонына» екінші рет қатысып отыр. Жас спортшы биыл да 20 шақырымдық қашықтықты еңсеруге ниетті екенін айтып, алдағы уақытта да осындай жарыстардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Веломарафон қатысушыларға өз мүмкіндіктерін сынап, төзімділіктерін шыңдауға жол ашты. Сонымен қатар бұл бастама өскелең ұрпақ арасында спорт мәдениетін қалыптастырып, велосипед тебуді күнделікті өмір салтының бір бөлігіне айналдыруға ынталандырады.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың мұндай бастамалары Шымкентте бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыруға және қаладағы спорттық мәдениетті нығайтуға бағытталған.

Ілмек: Бұқаралық спортвеломарафонШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Шымкентте ерекше жастардың өнері мен қолөнері таныстырылды

Шымкентте ерекше жастардың өнері мен қолөнері таныстырылды

Ұсынамыз

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өзара іс-қимыл жаңа келісіммен реттеледі

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өзара іс-қимыл жаңа келісіммен реттеледі

11.06.2026
Президент тапсырмасы: Шымкентте жаңа жолайрық ашылды

Президент тапсырмасы: Шымкентте жаңа жолайрық ашылды

12.10.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.