AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Елге бидай әкелуге шектеу қойылады: кімдерге жеңілдік беріледі?

29.06.2026
Санаты: Экономика
Елге бидай әкелуге шектеу қойылады: кімдерге жеңілдік беріледі?

ADYM.KZ / Қазақстанда бидай импортына алты ай мерзімге уақытша шектеу енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжат 2026 жылғы 26 маусымда өткен Сыртқы сауда саясаты мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде әзірленген.

Жобаға сәйкес, шектеу автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден де, үшінші елдерден де импортталатын бидайға қолданылады.

Сонымен бірге бірқатар кәсіпорындарға жеңілдік қарастырылған. Атап айтқанда, теміржол арқылы бидайды құс шаруашылығы кәсіпорындары, астық өңдеуші кәсіпорындар, лицензияланған элеваторлар және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ импорттай алады.

Алайда мұндай тәртіппен әкелінген астық тек өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылуы тиіс. Оны ішкі немесе сыртқы нарықта сатуға рұқсат етілмейді.

Сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы өтетін теміржол транзитіне және республика арқылы жүзеге асырылатын ЕАЭО елдері арасындағы тасымалдарға бұл шектеу қолданылмайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, уақытша шектеу отандық бидай өндірушілерін қолдауға, ішкі нарықтағы қазақстандық астықтың өткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ведомствоның пікірінше, бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыдан теріс салдарға әкелмейді.

Ілмек: Ауыл шаруашылығыБидайСыртқы сауда
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Қаржы министрлігі Қытайдың капитал нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Облигациялар үш және бес жылдық екі траншпен шығарылды....

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Үкімет Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жобаның құны – 881 млрд теңге. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгіленді. Бұл...

Келесі
E-Nazar цифрлық жүйесі арқылы әскердегі психологиялық тестілеу енді 10–15 минутта аяқталады

E-Nazar цифрлық жүйесі арқылы әскердегі психологиялық тестілеу енді 10–15 минутта аяқталады

Ұсынамыз

ОСК Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның партиялық тізімін тіркеді

ОСК Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның партиялық тізімін тіркеді

16.07.2026
Қоғамдық мүлікке қол сұғушылық: Жастар арасындағы бұзақылықтың тамырын қалай қиямыз?

Қоғамдық мүлікке қол сұғушылық: Жастар арасындағы бұзақылықтың тамырын қалай қиямыз?

05.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.