AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Отандық ғалымдар түйе сүтін арттыратын жусан негізіндегі жаңа жем әзірледі

26.06.2026
Санаты: Қоғам
Отандық ғалымдар түйе сүтін арттыратын жусан негізіндегі жаңа жем әзірледі

ADYM.KZ / Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары сауын түйелерге арналған жусан негізіндегі биологиялық белсенді қоспасы бар алғашқы отандық экструзияланған құрама жемді әзірледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, елімізде баламасы жоқ бұл әзірлеменің тиімділігі ғылыми зерттеулер барысында дәлелденген.

Ғалымдар төрт апта бойы жаңа жемнің түйелердің сүт өнімділігіне әсерін зерттеген. Нәтижесінде тәжірибелік топтағы әр түйенің орташа тәуліктік сүт сауымы 100 миллилитрге артқаны анықталды. Сонымен қатар сүттің сапалық көрсеткіштері де жақсарған: майлылығы 1,92 пайызға, ақуыз мөлшері 1,52 пайызға, ал майсыз құрғақ сүт қалдығының үлесі 0,91 пайызға өскен.

Жаңа өнімнің басты ерекшелігі – Қазақстанда кең таралған жусан өсімдігі негізінде дайындалған биологиялық белсенді қоспаның қолданылуы. Заманауи өңдеу технологияларының арқасында ғалымдар қоректік заттардың жақсы сіңуіне ықпал ететін әрі жануарлардың өнімділігін арттыратын функционалды жем әзірлеген.

Мамандардың айтуынша, бұл жаңалық әсіресе құрғақ климатты өңірлер үшін маңызды. Себебі түйе шаруашылығы мұндай аймақтарда мал шаруашылығының ең төзімді әрі болашағы зор бағыттарының бірі саналады. Жаңа құрама жемді өндіріске енгізу түйе сүтін өндіру тиімділігін арттырып қана қоймай, жем өндірісінде отандық өсімдік шикізатын кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Жоба авторлары зерттеу нәтижелері түйе шаруашылығын дамытуға және түйе сүті негізінде жоғары қосылған құны бар өнімдер шығаруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Ілмек: Ғылыми-зерттеу институтыЖусанТүйе сүті
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Экология мәселелері жөніндегі заң Президенттің қол қоюына жіберілді

Экология мәселелері жөніндегі заң Президенттің қол қоюына жіберілді

Ұсынамыз

Сауд Арабиясы Қазақстанның жер қойнауына қызығушылық танытып отыр

Сауд Арабиясы Қазақстанның жер қойнауына қызығушылық танытып отыр

10.06.2026
Мадридте Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлері туралы деректі фильм таныстырылды

Мадридте Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлері туралы деректі фильм таныстырылды

03.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.