AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Экология мәселелері жөніндегі заң Президенттің қол қоюына жіберілді

26.06.2026
Санаты: Саясат
Экология мәселелері жөніндегі заң Президенттің қол қоюына жіберілді

ADYM.KZ / Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Сенат ұсынған түзетумен келісіп, құжатты Мемлекет басшысының қол қоюына жолдады.

Заң аясында экологиялық саланы цифрландыру, қалдықтарды басқару және қайта өңдеу жүйесін жетілдіру, климаттық реттеу тетіктерін дамыту, көміртегі офсеті институтын жетілдіру, Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысын жақсарту, сондай-ақ экологиялық бақылаудың тиімділігін арттыру көзделген.

Сонымен қатар құжатта мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мен қоғамдық тыңдаулар өткізу тәртібіне қатысты бірқатар нормалар нақтыланып, киік дериваттарын сату жүйесінің операторын айқындау және оларды өткізу тәртібін реттеу мәселелері қарастырылған.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин Сенат енгізген түзету Қазақстан ратификациялаған Париж келісімінің 6-бабын іске асыруға бағытталғанын айтты.

«Бұл түзетудің қабылдануы елімізге инвестициялар мен заманауи технологияларды тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, экономиканы декарбонизациялауға және экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді», – деді депутат.

Оның айтуынша, бұл заң Мәжілістің осы сессиядағы қорытынды жалпы отырысында қабылданған соңғы құжаттардың бірі болды.

Айта кетейік, осы аптада Сенат аталған заңды екінші оқылымда қарап, оның бір бабын жаңа редакцияда қабылдап, Мәжіліске қайта жолдаған болатын. Мәжіліс депутаттары Сенаттың түзетуін қолдап, заңды Президенттің қол қоюына жіберу туралы шешім қабылдады.

Ілмек: ЗаңПарламентПрезидентЭкология
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Қазақстан волейболшылары Жаңа Зеландияны жеңіп, топтық кезеңді түйіндеді

Қазақстан волейболшылары Жаңа Зеландияны жеңіп, топтық кезеңді түйіндеді

Ұсынамыз

Мемлекеттік жүйелер тек бір платформада: Qaz Tech порталы іске қосылды

Мемлекеттік жүйелер тек бір платформада: Qaz Tech порталы іске қосылды

26.05.2026
Қазақ сахна өнерінде жаңа қойылымдарға сұраныс артты

Қазақ сахна өнерінде жаңа қойылымдарға сұраныс артты

27.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.