AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ҚАЗАҚ ЕЛІ БАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕЙДІ»

10.11.2026
Санаты: Аймақ, Басты, Саясат
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ҚАЗАҚ ЕЛІ БАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕЙДІ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі, қоғамдағы қолданыс аясы мен болашағы туралы пікір білдіріп, ана тіліміздің ел бірлігін нығайтудағы, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі және Қазақстанның халықаралық беделін арттырудағы маңыздылығына тоқталды.

Президент қазақ тілін Тәуелсіздіктің мызғымас символы, мемлекеттіліктің басты нышандарының бірі және ұлттың мәңгілік жаны ретінде қабылдау қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, қазақ тіліне құрмет көрсету – әрбір азаматтың азаматтық әрі адамгершілік борышы. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің мәртебесі мен абыройы елдің экономикалық, технологиялық және өркениеттік жетістіктерімен тікелей байланысты.

«Біз экономикасы дамыған, инновациясы мен технологиясы үздік, әлем жұртшылығы мойындаған, өркениетті, мықты мемлекет болсақ, қазақ тілі де қуатты тіл болатыны анық. Мемлекеттің беделі артқан сайын, мемлекеттік тілдің де абыройы күшейеді. Бұл – ақиқат», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінде қазақ тілінің білім беру саласындағы қолданыс аясы да кеңейіп келеді. Президенттің мәліметінше, балабақша мен мектептерде балалардың басым бөлігі қазақ тілінде білім алуда. Биыл мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың 71 пайызы қазақ сыныптарына қабылданған. Сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында қазақ тілінде білім беретін бөлімдердің саны артып келеді.

Мемлекет басшысы қазақ тілінің мәдениет пен шығармашылық индустриядағы қолданысына да ерекше назар аударды. Ана тілімізде жарық көретін кітаптардың, әндердің және фильмдердің нарықтағы үлесі жылдан-жылға ұлғаюда. Мәселен, былтыр баспадан шыққан 6 мыңнан астам кітаптың 70 пайызы қазақ тілінде басылған. Ал биыл Қазақстанда түсірілген 71 фильмнің 63-і ана тілімізде жарыққа шыққан.

Президент бұл көрсеткіштер қазақ тіліне деген қоғамдық сұраныстың артып келе жатқанын көрсететінін айтып, аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін жеткізді.

Сонымен бірге қазақ тілі ұлтты ұйыстыратын, ұлттық мәдениет пен руханиятты әлемге танытатын, өркениетіміздің өрісін кеңейтетін маңызды «жұмсақ күшке» айналып келеді. Бұған тарихта өзіндік орны бар тұлғалар мен бүгінгі таңда халықаралық деңгейде танылып жүрген отандастарымыздың жетістіктері дәлел.

Президент әлемге әйгілі тарихи тұлға Бейбарыс сұлтанды, ұлы ойшыл Абайды, көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевты атап өтіп, қазіргі қазақ мәдениеті мен зияткерлік әлеуетін жаһанға танытып жүрген Димаш Құдайберген, Самал Еслямова, Бибісара Асаубаева, сумо балуаны Ерсін Балтағұл (Кимбозан Харуки) және Higgsfield AI жаһандық стартапының жетекшісі Ерзат Дулатовтың еңбегіне тоқталды.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл азаматтар – Қазақстанның мәдениетін, руханиятын, өнері мен зияткерлік қуатын халықаралық деңгейде дәріптеп жүрген нағыз рухани елшілер.

Қазақ тілінің болашағы туралы айтқанда, Президент оның технологиялық даму үдерісіндегі мүмкіндіктеріне де тоқталды. Бүгінде ана тіліміз цифрлық платформалар мен жасанды интеллект жүйелерінде кеңінен қолданыла бастады. Әлемнің жетекші технологиялық компаниялары да қазақ тілінің әлеуетін мойындап отыр.

Мәселен, OpenAI компаниясы жүргізген зерттеуге сәйкес, қазақ тілі соңғы үш жылда жасанды интеллект жүйелеріндегі қолданыс аясы қарқынды кеңейіп келе жатқан тілдердің қатарына енген. Ал Yandex компаниясы өзінің белгілі бір өнімін қазақ тілінде пайдаланатын адамдар саны былтырдан бері 30 пайызға артқанын мәлімдеген. Сонымен қатар Google компаниясы өткен жылы қазақ тілін Gemini тілдік моделіне енгізді.

Бұл бастамалар қазақ тілінің тек күнделікті қарым-қатынас құралы ғана емес, ғылым, білім, инновация және заманауи технологиялар тілі ретінде де дамып келе жатқанын көрсетеді.

Президент өткен кезеңдерде саяси қысымға қарамастан қазақ тілінің әдебиетшілер, тіл мамандары, журналистер, зиялы қауым және қарапайым азаматтардың арқасында сақталып, дамуын тоқтатпағанын атап өтті. Бүгінде мемлекеттік тілдің келешегіне қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтып, оның болашағына қатысты орынсыз күмән мен теріс көзқарастан арылуға шақырды.

«Қазақ тілінің тағдыры күмәнді, белгісіз деп зарлай берсек, өзге елдер мен халықтар бізге қалай қарайды, қалай сенеді?! Үнемі түңіле беру оң нәтиже әкелмейді, мұндай әңгімені доғаратын кез келгеніне көзіміз әбден жетті», – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін дамыту бағытындағы жүйелі жұмысты тоқтатпай, оның барлық саладағы қолданысын кеңейту қажеттігін баса айтты.

«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді», – деген Президент сөзі ана тіліміздің болашағына деген сенімнің, ұлттық бірегейлік пен елдіктің айқын көрінісі болып табылады.

Ілмек: Қазақ тіліПрезидент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

В Шымкенте прошли встречи по разъяснению жителям приоритетных направлений Послания Президента

В Шымкенте прошли встречи по разъяснению жителям приоритетных направлений Послания Президента

Автор: adym
10.11.2026
0

В Шымкенте состоялся ряд встреч с целью разъяснения задач, обозначенных в Послании Главы государства, а также заслушивания предложений и мнений жителей. В мероприятиях приняли участие представители государственных органов...

Шымкентте Президент Жолдауының басым бағыттарын тұрғындарға түсіндіру бойынша кездесулер өтті

Шымкентте Президент Жолдауының басым бағыттарын тұрғындарға түсіндіру бойынша кездесулер өтті

Автор: adym
10.11.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында бірқатар кездесу өтті. Жиындарға республикалық деңгейдегі мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, медицина қызметкерлері, жастар мен этнос...

Шымкентте Тәуелсіздіктің 35 жылдығы аясында «Ордабасы» командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Шымкентте Тәуелсіздіктің 35 жылдығы аясында «Ордабасы» командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Автор: adym
08.11.2026
0

Шымкентте футболдан Қазақстан чемпионы атанған «Ордабасы» клубының тарихи жеңісіне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты қала әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Астана» алаңында ұйымдастырылған мерекелік...

Шымкентте сауда саласының дамуы мен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды

Шымкентте сауда саласының дамуы мен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды

Автор: adym
07.11.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылғы 6 қарашада Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында сауда саласының өкілдері мен шағын және орта бизнес субъектілерінің қатысуымен Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында белгіленген басым бағыттарды талқылауға...

Ұсынамыз

Елорда тұрғындарына ескерту: Астана-Қарағанды тасжолының бір бөлігі бір айға жабылады

Елорда тұрғындарына ескерту: Астана-Қарағанды тасжолының бір бөлігі бір айға жабылады

04.06.2026
Шымкент жастары: Жақсылық жасаудан басталатын үлкен іс

Шымкент жастары: Жақсылық жасаудан басталатын үлкен іс

11.10.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.