AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазан айында Қосшыда NVIDIA B300 базасындағы суперкомпьютер іске қосылады

17.06.2026
Санаты: Технология
Қазан айында Қосшыда NVIDIA B300 базасындағы суперкомпьютер іске қосылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қордың биылғы бес айдағы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған даму жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қордың басқаруындағы активтердің көлемі 88 миллиард долларға жеткен.

Қазіргі таңда елімізде ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобалар жүзеге асырылып жатыр. Биыл жалпы құны 3,3 триллион теңгені құрайтын 16 жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың қатарында Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерінің құрылысы, Қашағандағы газ өңдеу зауыты, Алматыдағы екінші жылу электр орталығын жаңғырту, гибридті электр станциясын салу және Каспий теңізінің табанымен талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобалары бар.

Қор басшысының сөзінше, бұл бастамалар көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қор жобалары аясында жыл сайын шамамен 1 миллион қазақстандыққа әлеуметтік қолдау көрсетіледі. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде ел бойынша 5 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Ал 2024–2025 жылдары 5,8 миллион ағаш егілген.

Жалпы, 2023–2026 жылдар аралығында құны 856 миллиард теңгені құрайтын 100-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылған.

Кездесуде сондай-ақ биыл қазан айында Қосшы қаласында NVIDIA B300 платформасы негізіндегі жаңа суперкомпьютер іске қосылатыны айтылды. Жаңа кластер пайдалануға берілгеннен кейін «Қазақтелеком» компаниясының есептеу қуаты төрт есеге артады. Бұл жасанды интеллект, деректерді өңдеу және жоғары өнімді есептеулер саласындағы ұлттық мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады.

Кездесу қорытындысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордың негізгі жұмыс бағыттары бойынша, соның ішінде стратегиялық инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ілмек: NVIDIA B300АқордаСамұрық-ҚазынаСуперкомпьютер
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының волонтерлік бағдарламасына тіркелу басталады

2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының волонтерлік бағдарламасына тіркелу басталады

Ұсынамыз

Жастарға арналған 17 мемлекеттік бағдарлама туралы ақпарат бір виртуалды кеңесшіде жинақталды

Жастарға арналған 17 мемлекеттік бағдарлама туралы ақпарат бір виртуалды кеңесшіде жинақталды

23.09.2026
Несие құрығындағы қоғам: Қазақстандықтар неге жаппай банкроттыққа жүгінуде?

Несие құрығындағы қоғам: Қазақстандықтар неге жаппай банкроттыққа жүгінуде?

03.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.